DataLife Engine / Менің сүйікті кітабым

Менің сүйікті кітабым

Атырау қаласы
№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің
3 сынып оқушысы: Сисен Құндыз Амангелдіқызы
Сынып жетекшісі: Хайдарова Лаура Талаповна
Бірде анам маған базардан кітап сатып әперді. Сол кезде мен қатты қуандым. Себебі, кітаптың ішінде мақалдар, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар бар екен. Кітаптың аты: «Жаңа заман ертегілері». Осы кітап менің білімімді арттыруға себеп болды. Әсіресе мен «Үш дос» деген әңгімеден бәрін үйрендім. Кітаптың ішіндегі ертегілерді бір күн тастамай оқыдым. Содан менің тілім жаттығып, тез оқып, тез жазуға машықтандым. Оқыған ертегілерімді достарыма айтып бердім. Ертегілер оларға қатты ұнады.
07.10.2018
Вернуться назад