DataLife Engine / Қазақ әдебиеті | Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов

Қазақ әдебиеті | Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов

Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов (8.5.1924, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылы - 5.5.1986, Орал қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, минометші, қатардағы жауынгер. Қазақ. 1943 жылдан 4-Украина майданы 51-армия 116-қорғаныс полкі 167-жеке пулемет-артиллериялық батальон құрамында ¥лы Отан соғысына қатысқан. Мелитополь қаласын (Украина) азат етуде Xұсайынов жаудың 40-қа жуық әскерін жойған. Осы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (1.11.1943). Соғыстан кейін Xұсайынов ҚазПИ-ді (қазіргі Қаз¥ПУ) бітірді. 1949- 72 жылы халық ағарту саласында жұмыс істеді. 1972 жылы Батыс Қазақстан облысы Фурманов ауданы (кейіннен Жалпақтал ауданы) атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Орда атындағы мектепке Хсайыновтың есімі берілген. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған
05.10.2018
Вернуться назад