DataLife Engine / Қазақ әдебиеті | ТҰРСЫНБАЙ, Балта Керей

Қазақ әдебиеті | ТҰРСЫНБАЙ, Балта Керей

ТҰРСЫНБАЙ, Балта Керей[1] (1707, Есіл өзен бойы – 1800, қазіргі Ресейдің Челябинск облысы Итиль ауданы) – батыр. Орта жүз батыры Ертісбайдың отбасында дүниеге келген. Тұрсынбайдың атасы Атық 17 ғасырда батыр әрі әулие атанған. Тұрсынбай 9 жасында ата-анасынан айрылып, жетім қалғанына қарамастан отбасы шаңырағын күйзелтпей, інілері Есілбай мен Толыбайға қамқорлық көрсеткен. Өзі Түркістан түбіндегі "Қарнақ” медресесінде білім алды. "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” жылдары інілері Есілбай мен Толыбай жау қолынан қаза тапты. Тұрсынбай жасақ құрып, жоңғарлармен күресте ерлігімен көзге түсті. Оның ерлігін ақын Дәстем Қарабасұлы жырға қосқан. 1750 – 81 жылдары қазақ әскерлеріне басшылық жасап, Абылай ханның сенімді қолбасшысы ретінде танылды. Сол тарихи кезеңде шиеленіскен қазақ-башқұрт қарым-қатынасын реттеуге елеулі үлес қосты. Бұқар жырау, Үмбетей, Тәтіқара, Жанкісі, т.б. жыраулардың мұраларында Тұрсынбай дың ерлік істері жайлы көптеген мәліметтер бар.
01.10.2018
Вернуться назад