Тарих | Қазақстан тас ғасырында экономикалық аспект

Тарих | Қазақстан тас ғасырында  экономикалық аспект

1) Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект.

Негізгі ұғымдар: Табиғи орта, ауа райы, мәдениет, өңдеу тәсілі, нуклеус, Маханджарлық, Атбасарлық мәдениеттер, неолиттік төңкеріс, ботай мәдениеті, жануарлардың доместикациясы.

Жоспар:

1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы.

2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері.

3.Мезолиттегі жер өңдеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары.

4. Неолиттік революция – адамзаттың экономикалық ұмтылысы.

5. Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеңіндегі мыс құралдардың пайда болуы.

Лекция

1.Ерте гоминидтердің палеографиялық өмірсүру жағдайы.

Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 — 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 — 10 мыңжылдықтарға дейiн) дәуiрiнде адамзат жерiмiздiң барша аймақтарына тараған. Республика аумағындағы тас дәуiрi әртүрлi ендiктердегi әлемдiк дамудың (олдувей мәдениетi, ашель мәдениетi, мустье мәдениетi, т.б.) барлық заңдылықтарын сақтаған. Ежелгi тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттiк дәуiрiне қатысты ең биiк сөресiн құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған.

2.Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері.

Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп. Ең көрнектiлерi Бөрiқазған мен Тәңiрқазғаннан табылған бұйымдар төрт топқа: бiр жақты, екi жақты шапқыш құралдар; зiл мен сындырғыштар; домалақ iрi бұжыр тастар топтарына жатады. Мұндай шапқыш құралдар Оңт.-Шығыс Азия мен Африканың шелль-ашель кезеңiндегi бұйымдарға өте ұқсас. Түркiстан қ. маңындағы Қошқорған, Шоқтас ескерткiштерiнен табылған тас құралдардың жас мөлш. б.з.б. 500 мыңжылдықтан әрi асады. Ашель кезеңiнiң ескерткiштерi Орт. Қазақстаннан (Құдайкөл, Жаманайбат, Обалысан, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Қозыбай), Маңғыстаудан (Шақпақата, т.б.), Мұғалжар тауларынан (Жалпақ, Мұғалжар, т.б.) да табылған. Екi жақты шапқыш (бифас) құрал, әсiресе, соңғы аталған өңiрдегi бiрнеше орындардан зерттелдi.

Мустье кезеңiне жататын тұрақтардың ең маңыздылары Қаратаудан (Уәлиханов атындағы тұрақ, Шақпақ, т.б.), одан соң Бат. Қазақстаннан (Шақпақата, Құмақапа, Аққыр, т.б.), Сарыарқадан (Бұрма, Семiзбұғы 2-10, Аққошқар, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Бөдене-1, т.б.), Жетiсудан (Ақтоғай, т.б.) табылған. Кейiнгi палеолит жұрттарында бұрынғысынша, ұсақ малта тастардан жасалған шапқыш құралдар, салмақты қырғыштар, үш бұрышты қалақшалар көп, олар дөңгелек тұрпатты өзектастардан омырылып алынған. Омыру техникасы жетiлдiрiлген, көп қырлы призма пiшiндес өзектастар да табыла бастады. Соғып түзету техникасы кең қолданылған, ол жүзi жұқа құралдар — найза, сүңгi ұштарын жасауға мүмкiндiк берген. Бұл кезеңде палеогеогр. жағдай қолайсыздау болғанымен, Қаратау жотасынан (Уәлиханов атынд. тұрақтың жоғ. мәдени қабаттары, Ащысай, Ұшықтас, т.б.), Шығ. Қазақстандағы Ертiс өз-нен (Қанай, Свинчатка, Пещера, Шүлбi, т.б.), Сарысу өз. өңiрi мен Солт. Балқаш өңiрiнен (Семiзбұғы, Тораңғы, Баршын, Батпақ, т.б.) табылған тас бұйымдар осы кезең туралы мейлiнше толық мағлұмат бередi.

3.Мезолиттегі жер өндеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары.Палеолиттен мезолитке (б.з.б. 12 — 10 — 5 мыңжылдықтар) өткен кезеңдерде қазiргi кездегiге жуық табиғи келбет орнықты. Садақ пен жебенiң ойлап табылуы аңшылық кәсiпке үлкен мүмкiндiктер туғызды. Бұл дәуiр ескерткiштерi Қазақстанда аз зерттелген. Оңт. Қазақстанда (Маятас, Жаңашiлiк-1-3, т.б.), Орт. Қазақстанда (Қарағанды-15, Әкiмбек, т.б.), Солт. Қазақстанда (Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2, Атбасар, т.б.), Торғай ойпаты аудандарында (Дүзбай-6, т.б.), Қостанай қ. маңында (Дачная, Евгеньевка, т.б.) орналасқан тұрақтар адамдардың шаруашылығынан, дүниетанымынан мол мағлұмат бередi. Неолит (б.з.б. 5 — 3 мыңжылдықтар) дәуiрiнде адамдар өнiм өндiруге бет бұра бастады. Микролиттiк (жебе ұштары, саптамалы құрал жүздерi) және макролиттiк мәдениет (тас балта, қашау, кетпен, дән уатқыш, келi, пышақ, қырғыш, т.б.) дами түстi. Тас өңдеу (тегiстеу, аралау, бұрғылау), сүйектен, мүйiзден, ағаштан бұйым жасау жетiлдi. Қыш ыдыстар жасала бастады. Мекендерiне байланысты неолит, энеолит қоныстарының бұлақтық, өзендiк, көлдiк, үңгiрлiк деп топталатын 600 орны анықталды. Қоныс орындары Қаратау алқабынан (Қараүңгiр, Арыс, Дермене, Тасқотан, т.б.), Арал маңынан (Жалпақ, Ақеспе, т.б.), Сарыарқадан (Жезқазған, Сарыбұлақ, Қарағанды кешендерi, т.б.), Шығ. Қазақстаннан (Соцчигиз, т.б.) табылды. Ақмола обл. Атбасар ауд-ндағы Атбасар мәдениетi (б.з.б. 7 мыңжылдықтың соңы — 6 мыңжылдық басы) жергiлiктi мезолит тайпаларының материалдық негiзiнде қалыптасқан. Мұнда 200-ге тарта тұрақ табылған.

4.Неолиттік ревалюция-адамзаттың экономикалық ұмтылысы. Торғай ойпатында неолит дәуiрiне жататын Маханжар мәдениетiнiң тұрақтары ашылған. Сондай-ақ, бұл заман ескерткiштерi Ертiс алабында (Усть-Нарым, Пеньки, Железинка моласы) да көп. Неолит дәуiрiнде дәстүрлi аңшылық, балық аулау, терiмшiлiк сақталды. Өндiрушi шаруашылық негiзi — қарапайым егiншiлiк пен мал ш. пайда болды. Бұл энеолиттiк (б.з.б. 3 — 2 мыңжылдықтар) тұрақтардан айқын көрiнедi.

5.Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеніңдегі мыс құралдарының пайда болуы.Көкшетаудағы Ботай бекетi жанындағы Ботай мәдениетi, Торғайдағы Терсек мәдениетi солт. өңiрлердегi далалық энеолиттi сипаттайды. Осы мәдениеттердiң көптеген материалдық деректерi байырғы адамдардың дiни нанымынан, шаруашылық жайынан хабар бередi. Күнделiктi өмiрде бiрқатар заттар мыстан жасала бастаған.



Мақсаты: Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект тақырыбына байланысты тас ғасырының еңбек құралдарының қарапайымнан бастау алып,бүгінгі күнгі технократиялық дамуға дейінгі жетілдірудің эволюциясы негізімен экономикалық дамуға қол жеткізген адам баласының қабілетінің шексіз дамуы туралы проблемалық ой қозғау.



Лекция.

Бекіту сұрақтары:

1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы қандай болды?

2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдерінайтып беріңіз?

3. Аңшылық құралдарын атап беріңіз?

4.Балық аулау тәсілдері қандай болды?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі