Қазақ әдебиеті | Өткелбай би Исаұлы

Қазақ әдебиеті | Өткелбай би Исаұлы

Өтетілеу би – Кетебайдың үлкен ұлы және әкесіні билік жолын ұстаған баласы. Өтетілеу шамамен 1760 жылдары дүниеге келген. Өтетілеу қарақалпақ, Бұқара, Қоқан, Хиуа хандықтары арасындағы түрлі келісімдерге араласқан би. 1834 жылы Бұқараға сапар шеккен П.И.Демезон мен И.В.Виткевичтің «Записки о Бухарском ханстве» атты еңбектерінде (жазбаларында) Өтетілеу би туралысөздер бар. Негізгі мазмұны: «...1824 жылға дейін хиуалықтар қазақтарды жыл сайын тонап отыратын, бірақ арнайы алым түрі жоқ болатын. Кейіннен тонаушыылық шектен шыға бастайды. Сол тұста Шөмекейлер Хиуа ханына арнайы елші жіберіп, зекетті өздері апарып тұратын болып келіске-ді. Бұл келісім 1832 жылға дейін созылады. Өтетілеу би 1832-33 жылдарда Хиуа ханына жолығып, бұдан былай зкетті өздері келіп жинауын ұсынады. Осыны күтіп отырғандай Хиуа бектері Сырдария бойына еркін ене бастаған.
Атақты Балқы Базар Төребай биге арнаған көңілқосында:
...Өтетілеу, Сарытай,
Мөңке, Қылыш би өтті.
Бес бозғұлдың баласын,
Наһандай өрге сүйреген,-
Деп тегін айтпаса керек.
Ел арасында Өтетілеу бидің күзді күні Арқада қайтыс болып, кейіннен Сырға әкелініп, Ер Сейтпенбет әулиенің қасына жерленгені айтылады. Орынбор губерниялық хатшысы Бегловтың мәлімдеуінше Өтетілеу би 1845 жылы дүние салған. Өтетілеу атында жер-су аттары бар.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі