Қазақ әдебиеті | Ағыбай батыр, Шұбыртпалы Ағыбай

Қазақ әдебиеті | Ағыбай батыр, Шұбыртпалы Ағыбай

Ағыбай батыр, Шұбыртпалы Ағыбай (1802-1885), Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылдығына қарсы көтерілісі басшыларының бірі, қолбасшы. Жорықта жолы болғыштығы үшін «Ақжолтай батыр» атанған. Сарбаздары Абылай есімімен қатар Ағыбай батырды да ұранға айналдырған. Ағыбай батыр 1824 ж. Қарқаралы аймағында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы көтеріліске белсене араласты. 1826-1849 ж. аралығында Ресей империясының Қарқаралы, Ақтау, Ақмола бекіністеріне шабуыл жасап, патша әскерлерін Ырғыз, Тобыл өзендері бойындағы ұрыстарда, Қызылжар, Көкшетау шайқастарында ойсырата жеңген. Қырғыз манабы Орманға қарсы соғыстарда ерекше ерлік көрсеткен. 1847 ж. Кенесары ханның Кекілік тауындағы қырғыздармен ұрысында Наурызбай батырмен бірге дұшпан шебін бұзып еткен. Кенесары өлгеннен кейін де Ресей өктемдігіне қарсылығын тоқтатпай, Сыздық төре қолы құрамында соғыс жүргізген. Ағыбай батырдың мазары Сарыарқа мен Бетпақдаланың шектескен Тайатқан-Шұнақ деген жерінде, сонда жерленген. Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің шығармаларына арқау болған. 19 ғасырдың аяғында «Ағыбай батыр» киссасы шықты. Ағыбай Нысанбай жыраудың «Наурызбай-Қаншайым» жырының, I. Есенберлиннің «Қаһар» романының бас кейіпкері. 1992 ж. Айыртау-Сопыда батырдың туғанына 190 жыл толуына байланысты республика дәрежесінде үлкен той етті. Ұрпақтары Ағыбайға үлкен кесене салды. Ол 1980 ж. күрделі жөндеуден өтіп, басына құлпытас қойылды.[1]

Кенесарының бас батыры Ағыбай батырдың өмір жолы қазақ тарихшылары мен қаламгерлерінің көптеген шығармаларына арқау болған. 1914 ж. Есім төренің көмегімен Әлихан Бөкейханов Қазан қаласынан «Қызыл қайнар Тектұрмас» деген кітабын шығарды. Сәкен Сейфуллин «Ақжолтай батыр» деген роман жазған.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі