Қазақ әдебиеті | Мырзағылұлы Бекет

Қазақ әдебиеті | Мырзағылұлы Бекет

Мырзағылұлы Бекет[1] (Бекет ата) (1750—1813) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. Маңғыстауда туып-өскен. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған.[2]

Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген. Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында.Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына тән жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған:

Біріншісі — халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр.

Екінші — ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы.

Үшінші — ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші.

Төртінші — мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей.

Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, "Мединеде — Мүхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда — Пір Бекет" деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын. Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған.Қазіргі таңда Бекет атаның Адамдықтың Ақ жолы, Әулиелік өсиеттері өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуде көп септігін тигізіп отыр. Жастайынан оқу-білімге құмар, ерекше дарынды, парасатты болған. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқыған. Бекет ата жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан.Бекет ата Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді. Бекет ата ескерткіштері — Маңғыстау, Үстірт, Жем бойындағы Бекет ата есімімен байланысты жерасты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. XIX ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Э.Эверсман, А.Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған.Эверсман: " Үстірттегі таудан үңгіп жасаған мешіттер араб, парсы жазуларымен безендірілген. Мұндай ескерткішті Бекет төрт жерде жасаған. Оның бірі Маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда", — дейді. Бекет ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Оғыландыдағы ғимарат жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар. Ел жадында қалған әңгімелерде Жем бойындағы Ақмешітте Бекет ата бала кезін, ал өмірінің соңғы жылдарының көбін Оғыландыда өткізген.Адай руынан шыққан.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі