Туған жерім - Жаңақала

 Туған жерім - Жаңақала

Батыс Қазақстан облысы,
Жаңақала аудандық білім беру бөлімі
№3 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
10 сынып оқушысы Шайдоллина Ақнұр Жанкелдықызы
Туған жер, ел-адам өмірінде киелі мекен.

Атамекен туған жер:

шыр етіп дүниеге келген жер,

кір-қонынды жуған жер,

кіңдігінді кескен жер,

кісі болып өскен жер,-демекші әркімге өз туған ауыл-қаласы,кент-қыстағы қымбат.

Мейлі туған жері ұлтарақтай болсада,ат төбеліндей болса да адамға туып-өскен ел қымбат.Әрбір адам туған жерін табиғатымен,халқының ақ көңілділігімен мақтан тұтады.Менің де мақтануға тұратын ауылым бар.

Менің ауылым-Жаңақала.Жаңақала өзінің сұлу да көрікті өзен-көлдерімен,ондағы қаңқылдақ қазымен,сұңқылдақ аққуымен,шықылықтаған сауысқан,шаңқылдақ шағала,қарқылдақ қарғасы,шырылдаған шегірткесімен,жыбырлаған жәндігімен,сайраған бұлбұлымен қымбат.Осының бәрі мен үшін бейне бір жұмақ жеріндей.Ауылым тек табиғатымен ғана емес,өзінің ән-күй өнерімен де адамды баурап алады.Жаңақала жерінде күйшілер көп.Домбырасын күмбірлетіп күй тартқан Дина,Құрманғазы,Оқап,Мәмен сынды күйшілерімізді бүкіл қазақ жұрты біледі.Жезтаңдай әншілеріміз республикалық байқаулардың жеңімпазы атанып,ауыл мәртебесін көтеруде.

Ауыл тұрғындары өнерлі,зейнеткер әжелерімізден құралған"Әжелер" ансамблі әр түрлі мерекелерде халық әндерін айтып,көрермен ықыласына бөленіп жүреді.

Жаңақала жерінде аспанмен таласқан биік ғимараттар болмаса да ,біз үшін білім алып отырған мектебіміз зәулім сарайдай.

Ауылымызды көркем сөздермен сипаттап жазатын ақын-жазушыларымыз да жоқ емес.Закария Сисенғали Жаңақала өңіріне арнап бірнеше өлеңдер жазған.

Қазақстанның еңбек сіңірген жазушысы Әбіш Кекілбаев Жаңақала ауылына "Қазақ даласында күйдің астанасы-Жаңақала" деп мақтау айтқан.

Ұлылардын көзімен,ақындардың сөзімен жырланған Жаңақала жері осындай.



Кіндік қаным тамған жерім,

Туып-өскен туған жерім -

Жаңақала-жерұйығымсың.

Күйшілерін жырлатқан,

Ақындарын сөйлеткен,

Жаңақала күн нұрындай ыстықсың.

Жайсаң жандар мекені-

Жаңақалам бұл менің.

Сендеп соққан жүректе-

Таусылмайды жыр-әнім-деп елім туралы толғанамын. Мен де сәбилік пәк жүректен туған жерімізді шекіз сүемін.Оның әр тасы мен үшін ерекше қымбат. Есейгенде туған жер алдындағы перзенттік парызымды өтеу үшін қолымнан келген жақсылығымды аямаймын.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 276



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі