Кембридж бағдарламасымен «оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау» модулі бойынша

 Кембридж бағдарламасымен «оқыту үшін бағалау мен оқытуды бағалау»  модулі бойынша

Білім беру жүйесінде бағалау үдерісі көп жағдайда оқушыларды жетістіктерін есепке алу үшін сырттай қойылатыны мәлім. Өз тәжірбемде баға білім алушылардың тоқсандық және жылдық сапа мен үлгерім деңгейіншартты түрде есепке алатын , салыстырмалы түрде қойылатын көрсеткіш ретінде қалыптасты.
Мектептегі оқытудың нәтежелері ,әрбір оқушының оқудағы күтілетін нәтижеге қол жеткізудегі табыстары, оның оқуға қатынасы мен тұлғаның тұтас даму динамикасы жан-жақты және әділ бағалауды талап етеді. Сондықтан кеңес үкіметінің ізімен келе жатқан білім беру жүйелеріне қатысты мектептердің барлығы үшін шынайылықты қамтамасыз етпейтін бес балдық бағалау тәсілі тұлғалық даму мен өзін-өзі реттеуге ықпалын тигізбейтіні мәлім.
Курс барысында , «Бетпе-бет» оқытудың бірінші кезеңінде жоғарыда аталған модуль бойынша тың ақпаратпен таныстық, өзімізді білімді игеруші ретінде сезініп , оқушының жағдайын жақсы түсіндім.
«Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау» модулі оқушылардың білімі мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үрдістер арқыл жүзеге асады. «Флейвелл,1976».Бұл үрдісте оқушы метану үрдісі арқылы түсіну,бақылау және оқу тәжірибесін қадағалау жүргізу қабілеттерін дамытады. Ал, метатануға когнитивтік үрдістерді білу, түсіну және реттеу деген анықтама беруге болады. Бағалау сабақтың ең бір маңызды бөлімі екені сөзсіз. «Бағалау» жалпы латын сөзінен аударғанда, қазақша мағынасы «жақын отыру» дегенді білдіреді екен.
Метатануды зерттеген Флейвелл жас және ересек балалардың есте сақтау қабілетін зерттей келе , «тәсілдерді пайдалану» және «өнімділік тапшылығы »терминдеріне тоқталып ,баға арқылы ынталандырудың маңыздылығына ерекше мән береді.
Осы Кембридж бағдарламасын оқыту курсына келгенде тренеріміз біздерді таныстырып болған соң шағын 5 топқа бөлді , бұл бөліну де ерекшеліктен басталды .Бұдан соң әр топқа қағаздар , бояуларі қайшы, т.б.материалдар таратылып берілді.Осыдан-ақ мен бұл курстың өзгеше екенін, яғни топтық жұмысты орындап көрмегеніміз білінді.Жұмыс топтарда қызу жүре қойған жоқ , себебі біздер ойларымызды жүйеленгенмен арада келіспеушіліктер болды бірақ жан-жағыма қарап басқа топтардың жұмысын көріп , егер былай жасасақ деген ұсыныс арқылы жеттік. Топтарымыз күнбе-күн өзгеріп отырды,бұл да жұмысты жүйелендіруге септігін тигізді, себебі араларымызда кім көшбасшы,кімнің қолынан не келетіні белгілене бастады, яғни біздің жұмыс істеуге бейімдеушілік немесе өз ойыңды айтқанда оны хабарлаушы жеткізе алмаған жағдайда қанағаттанбаушылық болды. Күніге түрлі тапсырмаларды орындап өз дейгейімізд аша түстік , ол біреуге оңай берілсе, кейбіреулердің тіпті түсінбейтінін, жеті модуль мен технологияны үнемі шатастыратынын көп ойландырды.Ең бастысы тренер өздері бұрынғыдай лекция оқымады , тек өздері тапсырманы беріп, қандай да бір шешімге өзіміздің жетуімізді үйретті, бұл оқытудың жаңа бір түрі.
Таратпа материалдарда берілген «Тиімді сабақты сипаттайтын 6 принциптің бірі»
- «бағалау сабақ беруге және оқытуға тиімді әсер етеді» деген принциптің мәнін ұғынып ,бағалаудың тиімділігіне көз жеткіздім.(3-апта,3-күн).Ана тілі пәні бойынша оқушылардың оқу жылы соңында орындаған бақылау жұмысын критерийлі жиынтық бағалау арқылы ( бағалау дескрипторлары әдістемелік бірлестік отырысында талқыланды ) әріптестеріммен бірлесе тексердім.
Сабақ барысында мұғалімнің қойған бағасынан гөрі оқушының өз жұмысына сыни тұрғыда қарап ,өзін-өзі бағалауы немесе кластастарының берген бағасының балаға оң ықпал ететінін ,өзіндік , өзара және мұғалім бағасы сабақ қортындысында салыстырылып, сараланып отырылса, бағаның объективтілігі артатындығын, бағаның әділдігіне оқушының өзінің ,тіпті ата-анасының да көзі жететіндігін байқай бастадым. Мұғаліммен оқушының арасында жедел кері байланыстың болмауы оқушылардың оқуға деген ынтасына кері әсер ететінін пайымдадым. Келешекте бағалаудың әдістері жөніндегі білімімді толықтыра түсуге, әдістемелік деңгейімді жетілдіре түсуге орай өзіндік жоспар құрып , нақты іздену бағытын айқындадым , өйткені оқыту үдерісінде тиімді жұмыс моделі төмендегідей: жоспарлау-оқыту-бағалау-жоспарлау. Бағалау тың жоспарларға, жаңаша ізденістерге жетелейді.
Бағалаудың жаңаша сипаты оқушыны ынталандыру мен оқыту мақсатына жетудің тиімді және нақты жолдарын көрсетеді. Себебі білім жетілдіру курсында алған теориялық материалды іс-жүзінде пайдалануға үйретті,яғни қажетті ақпарат алу, бақылау жүргізу, топ мүшелеріне қолдау көрсету т.б. талқылауларды, зерттеулерді көрсетті, жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді.Дегенмен, кей жағдайда тренрелер мұғалімдерге сұрақтар беріп оның сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болды, мұғалім оқушы ойын басқарады, яғни бағыт беріп немесе жетекшілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауыссады.Бұл психологтар көрсеткендей, оқушылардың өз бетінше ойлау мүмкіндіктерін шектейді.Мысалы, дөңгелекүстел, пікірталас мәселесін мұғалім өзі дайындап, жоспарды беріп, оқушыдан сөйлеу барысында тек оған сүйенуін талап етеді.Яғни, өз ойын айтуға тұлғаға еркіндік бермейді, мәселені түсінбей маңызды, өзіне қажетті ақпаратты ала алмай ,мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келе алмай, өзінше ой қорытып, тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетін ие бола алмайды.Мәселені ашуда жаңа ой , құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске ие болуы оқытудың тиімділігін арттырады.
Бізде осы оқудан соң , практикаға барғаннан ұжыммен кездесуде курстан алған әсерім туралы ,Кембридж бағдарламасының мақсаты мен міндеттері туралы қысқаша таныстырып өттім. Мектеп әкімшілігі менмұғалімдер қауымы оң тілек айтып, жұмысыма сәттілік тіледі. Практикаға 4сыныппен зерттеулерді жүргізген соң сабағымның ұзақ және қысқа мерзімді жоспардан бастадым. Алғашқы сабақтарымда сәтсіздіктер кездесті, олар оқушылардың топпен жұмыс жасап қалыптаспағаны, өз ойларын топ алдында нақты дұрыс жеткізе алмауы, оқушылардың өз-өзіне сенімсіздігі болды. Курстан алған жаңа әдіс тәсілдерді өз практикамда қолдандым, ол топқа бөлу, жас ерекшелігіне назар аудардым ,ең бастысы кейбір маңызды бұрынғы сабақтарымда маңызсыз деп санап келіппін, өйткені оқушы тек дайын материалды оқып, айтып берсе болды деген түсінікте болғанмын.Дегенмен ,ерекше қиындық пен қызығушылық туғызғаны бағалаудағы ерекшеліктер болды. Сол себепті, іс-тәжірибемде «нені және қалай өзгерту керек» деп жоспар құра бастадым. Осылайша баланың даму траекториясына елеулі ықпалын тигізетін маңызды фактор- бағалау екендігіне көзм жетті.
Бағалауды нәтижелі ұйымдастыру үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтаудың маңыздылығы зор. Кластағы әдеттегі іс-әрекетті ,яғни балалардың өзара әңгімесін тыңдап , тапсырманы орындап отырған оқушыларды бақылау немесе олардың орындаған класс ,үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат беруі мүмкін бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше ойластырылған тәсілін қолдану керек .Жазбаша тапсырма немесе тест жоғары да айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайда дұрыс таңдаған ауызша сұрақтың өз тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптары бақылануы керек.(М.Жанпейісова 2002) Сол себепті , мектептегі тәжірибеге кіріспес бұрын оқушылардан сауалнама алып, түрлі тәсілдер арқылы оларға бағаның ықпалы қандай екендігін зерделедім. Расында да балалардың басым бөлігі өз бағаларына қанағаттанбайды.Кластың үштен бір бөлігі баға үшін оқуды дұрыс деп санайды. Ендеше, осы модульді тәжірибеме енгізуде оқытудың қиындықтарын анықтау , оқушылардың болашақтағы мінез-құлқы мен дамуын болжау және сұрыптау , белгіленген стандарттардың орындалуын бақылау мақсатын көздедім,(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық) Ол үшін теориялық, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге шолу жасап бағалау процесінің ерекшеліктері мен шынайы бағалау қағидаттарын зерделедім.Әр мұғалімнің бағалауды қандай мақсатта кім үшін қалай өткізу керек екендігіне негізделеді. Бағалаудың басты мақсаты :
1. Оқытудың қиындықтарын анықтау
2. Жетістікке жететіндігін көрсететін кері байланыс
3. уәж
4. Болжау және сұрыптау
5. Стандарттарды бақылау жіне орындау
6. Оқыту бағдарламасының мазмұны және білім беру стилін бақылау. Шындығында бағалау оқу үрдісінде тынымсыз жүріп отыратын процесс.Мұғалімдер оқушының үйренгенін үнемі жинақтап отырады.
Блэк пен Уильям (2000) бағалауды жетілдіруге қажетті талаптардың ішінен оқушы мотивациясын туғызуға ерекше мән берді.
Сыныптағы тәсіл тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою жолымен бағалайды. Олар қолданатын кез-келген нысанның артында тек қана объективті немесе жеткілікті дәрежеде объективті емес нормалар мен стандарттар ғана емес, сондай-ақ баланың дамуы оқуы және уәжә туралы түсінік сонымен қатар өзін-өзі бағалау қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады,-деп Александер(2011) айтпақшы менде өз тәжірибемдегі бағалау жүйесіне өзгерістер енгіздім.
Мен өз тәжірибемде күнделікті 5 балдық жүйемен немесе арнайы белгілермен бағалап жүрдім . Осы курс барысында оқып үйренгеннен кейін бағалаудың тәсілін өзгерттім.
Сондықтан білім беруде бағалаудың мына түрін өз тәжірибемде іске асыруды жоспарладым:
1.бастапқы диагностика:
2.жиынтық немесе оқытуды бағалау:
3. оқу үшін бағалау:
Оның ішінде үй тапсырмасын, рөлдік ойындарда, шығармашылық тапсырмалар орындағанда мадақтау, 3 шапалақ түрлерін қолдандым. Кейбір тапсырмаларды жұппен , топпен бағалатамын.
Нашар оқушыларым бағалау парағын толтыра отырып өзін-өзі бағалауға өз досын бағалауды үйренді. Есте сақтау қабілеттері артты, тақырыпты бағалай алды. Тіпті кейде өткізілетін тақырыпты да бағалай алатын болды.
Топ басшыларын топты бағалатқан кезде өз ойларын ашық айтып бағалауда да әділ болды.
Әр ұстаз алғашқы кездері өзі бағаласа ал келесі сатыларда оқушыларды өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға үйрете беруі керек. Мұндай жағдайда оқушыларға бағалау критерийін жетік меңгерту қажет. Сонда ғана оқушылар өз бетімен бір-бірін немесе өін-өзі бағалай алады. Блэк пен Уильям ұсынған тәсілдерді төмендегі тұрғыда қолдандым:оқушылар бір-біріне өзін-өзі реттеу бойынша смайликтер көмегімен 3рет қол шапалақтау және мадақтаулар кестенің көмегімен өзін-өзі бағалау арқылы бірін-бірі бағалау бағдаршам ашық журнал өзін-өзі реттеу парағы үздік жұмыстар көрмесі формативті тест , 3минуттық эссекөмегімен бағалау жүргізілді. Бастауыш класс оқушыларына сабақта мадақтау арқылы оларды келесі тапсырманы орындатуда белсенділігі артады, ынталанады. Сонымен қатар әр сабақтан соң міндетті түрде талдау жасауды қолға алдым, соның арқасында ертеңгі сабағыма толықтыруларды қажет ететін жолдарды таптым. Енді көбіне көшбасшылық жасап ,яғни тек дайын ресурсты беріп реттеуші рөл атқардым,осыдан соң мен қатарларды аралап шығып , үлестірме материал теңгеріледі және оларды кімге беру керектігін шешуге болатынын сырттай бақылау мүмкіндігін алдым. Тез жұмыс істейтіндер үшін ;тапсырманы ерте ақтаған оқушылар үшін қосымша карточкалар таратып отырдым. Сабақта шағын топтардағы жұмысты жандандыру қажеттігін сезіндім. Себебі, бір жағынан ол оқушылар өз беттерімен тапсырмалар дайындап, оны өз топтарындағы үлгерімі төмендеу оқушыларға орындаттырады .Сол уақытта ол оқушының сабаққа ынтығушылығы артуымен қатар өзіне үлкен сенім жүктелгенін түсінеді.Өзара қатынасы сөйлесу адам тұлғасын, ақыл-ойын дамытудың маңызды факторы екенін өз тәжірибемнен көріп отырмын. Алғашқы кезде немқұрайлы ,тақтадан көшіріп қана отырған кейбір оқушылар қазіргі жағдайда ана тілі пәніне деген қызығушылығы пайда болды. Әр түрлі деңгейдегі мүмкіндіктері бар оқушылармен жұмыс істеу туралы рефлективтік есептемені жоғарыдағы өткен сабақтағы бақылауым бойынша көрсеткенді жөн көрдім. Сабақ барысындағы бақылауым;мысал «тез» жұмыс жасайтын оқушылар Айзат, Інжу, Арсен ,Сандуғаш топта жұмыс істеуге икемді, сұрақтарды барлық түрлерін қойып үлгереді, топқа бағыт бере алды, тапсырмалардың шінен қолдану , талдау, жинақтау кезеңіндегі тапсырмаларды қажет етеді, оның нәтижесі мынадай белсенді қатысуымен ерекшеленеді, анализ, синтез, қорытуды терең және тез жасайды, өз еңбектеріне іс-әрекетіне талдау жасайды. Ал «орта » жұмыс жасайтын оқушылар Айбар, Айнагүл,Айшагүл топтың жұмысына жақсы қатысады, өз пікірін ортаға салуға дайын бірақ «тез» оқушыға жолын береді, оның нәтижесі салыстьыру, іздену , дәлелдеу ,табу жұмыс түрлеріне жақсы қатысты. Сонымен қатар , «баяу »жұмыс жасайтын оқушылар Айгерім, Ердәулет,Элеонора сұрақтарды дайындауға көбірек уақыт жібереді,ерекше байланыс, жеке жұмыс түрлерін қалайды ,ал оның нәтижесі сабақ барысындағы тапсырмаларды толық жасап үлгермейді. Міне осындай,бақылау ,байқаулардан соң менің ұсынысым мынадай тапсырмаларды таңдап алу ,сабақ жоспарын оқушылар тілегіне сай өзгертіп отыру, кіммен топта жұмыс істеуін өзінің қалауына мүмкіндік беру , тапсырманы орындау әдщістерін өздері таңдай алатындай жағдай туғызу ,жеке жұмыс істеуіне мүмкіндік беру тілегі мен ынтасын ескеру қажет. Бұл әдіс олардың ойлау жіәне сауатты жазу қабілеттерін арттырды.Сонымен қатар сабақтарда әр баланың қабілеттін ескере отырып тапсырма ұсынуды жан-жақты ойластырдым.Мысалы, «Ара мен шыбын »сабағында тапсырманы рөлге бөлу арқылы деңгейлеп ұсындым: Хатшы –мәтіннің не туралы екенін жазды. Суретші –шыбынның үйінің суретін салды. Автор , ара, шыбын-рөлге бөліп оқиды. Осысабақта оқушылардың жоғары деңгейлі ойлауын қамтамасыз ету үшін «ойлаудың алты қалпағы»тәсілін қолдандым:
Ақ қалпақ-арыстанның мінез-құлқына баға бер;
Қызыл қалпақ-адамдардың бойында дәл осындай мінез-құлық болуы мүмкін;
Қара қалпақ-арыстанның іс-әрекеті дұрыс емес.
Сары қалпақ- арыстан мен тышқанға сипаттама бер.
Жасыл қалпақ –ары қарай не болады деп ойлайсыз. Мұндай тапсырмалар балалардың қабілетінің ашылып өз мүмкіндіктерін көрсетуіне көмектеседі. Ұққаным сабырлы болу күте білу кері байланыс орната білу бұл оқушының түбегейлі білім алуына қпал етті.
«Араша »өлеңін өткен кезщде өлең мазмұны бойынша топтағы 5 оқушы сурет салып, сюжетті диафильм құрастырды. Әркім қандай сурет салатынын алдын-ала талқылады. Сурет салып болғасын парақтарды қосып әсемдеді де, сюжетті бірлесіп баяндады. Мұндай тапсырмалар оқушылардың қабілетін шыңдауға ,өз пікірлерін еш қымтырылмай еркін ұсынуына мүмкіндік берді.
Бағалау үшін қабырғаға ілінген таблода түрлі түсті жапсырмалармен үй тапсырмасын тексердім, қолмен белгі беру әдісі және сабақ соңында жиналған жетондар санымен бағалай алдым. «Шыбын мен көбелек »әңгімесін талқылауда диалогтік оқытуды топтық жұмыстар түрінде іске асырдым. «Араша»тақырыбындағы сабақта диалогтік оқытуды жүзеге асыру үшін топтық жұмыс, топтық таныстырылым орындаттым .
Ендеше, бағалаудың мақсаты тек қана баға қою емес , бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ой, біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап ететініне мектептегі тәжірибем дәлел болатынына сендім. Сұрақтардың дұрыс қойылуын, өзіндік оқуға белсенді қатысуын бағалау нәтижелерін ескеру ,өздерінің оқуын түбегейлі түрде қалай жақсартуға болатынын түсіндіре отырып жаңашылдыққа тәрбиелеймін. Бағалау дегеніміз жалпы оқушының санасымен ойлауының нәтижесі екенін ұқтым.
Болашақта оқушылардың өзін-өзі бағалауын дамыту мақсатында бағалау ретінде сабақтарыма рөлдік ойындар ,тест тапсырмаларын кірістіру қажет деп таптым. Әділ бағалап, айтылған ұсыныстарды, сын-пікірлерді,мадақтауды дұрыс қабылдады. Түзетуге тырысты , оң әсерін тигізді.Осыған сәйкес жеке тапсырмалар тарау бойынша білімін тиянақтауға тест жұмыстарын, бақылау жұмыстарын алдым.
Осындай дәрежеге дейін жету үшін мұғалім мен оқушы арасында бір-бірімен қарым-қатынасы, сенімділік, сыйластық, ал оқушылар бойында жауапкершілік , шындық пен әділдік қасиеттер пайда болды.
Өз тәжірибемдегі тиімді бағалауды арттыру үшін сұрақтардың дұрыстығына назар аударып, сыныптасын және өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беріп ,оқушылармен бірге бағалау критерийлерін талдап және мұғалім—оқушы және оқушы-оқушы кері байланысын орнаттым.
Қорыта келгенде өз тәжірибемде оқу үшін бағалауды пайдалануды өзіме мақсат еттім . Егерде балаларды күнделікті сабақта тиімді бағалап отырмасаң, мұғалім мен оқушы арасында байланыс болмайды. Мұғалім-оқушы, оқушы-оқушы арасында кері байланыс орнамаған жағдайда, бағалау да тиімді болмайды. Сондықтан да болшақта бағалаудың 5 балдық түрінен жобадан үйренген бағалау түрлерін тиімді қолдануды қолға аламын.
Осы жоғарыда аталған жағдайда «Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау »білім алуда қолданатын болсақ , яғни мектеп мұғалімі өз сабақтарында қолданып жұмыс жасайтын болса сапалы білім мен саналы тәрбиеге жетуге болатынын бағдарлама барысында үйрендік .Тәжірибе нәтижесінде бағалау дегеніміз-жалпы оқушының санасымен ойлауының нәтижесі екенін ұқтым. Менің өз әріптестеріме айтарым жаңашыл мұғалім болайық деймін ,осы жеті модульді іс-тәжірибемізде кіріктіре қолдануды одан әрі дамытайық демекші.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!