DataLife Engine / Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш 3-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш 3-сабақ (Геометрия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңістіктегі бұрыштар. Кеңістіктегі қашықтықтар
Сабақтың тақырыбы: Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.6 Кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыш анықтамасын білу;
Сабақтың мақсаты: 1. Кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыш анықтамасымен танысады;
2. Сызбада түзулердің арасындағы бұрышты көрсетеді;
3. Қарапайым жағдайларда түзулердің арасындағы бұрышты анықтайды.

Ұйымдастыру кезеңі.
Сыныпты топқа бөлу (әр топта 3-4 оқушы).
Сабақтың мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.
Өтілген материалды қайталау және ой қозғау мақсатында келесі сұрақтарды қою:
1.Кеңістікте түзулер өзара қалай орналасуы мүмкін?
2.Кеңістіктегі түзулердің арасындағы бұрыш деп нені түсінесіздер?
3.Екі түзу қиылысқанда пайда болған төрт бұрыштың қайсысын екі түзудің арасындағы бұрыш деп айтамыз?
4.Түзулер айқас болса, олардың арасындағы бұрышты табуға болады ма?

Сабақтың мазмұнын оқушылардың өздеріне аштыру мақсатында барлық топқа Тапсырма 1, 2 беру (Қосымша 1). Оқушыларға жұмыстың нәтижесі әр топқа сұрақ қою арқылы қорытындыланатынын ескертіп айту. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылайды, қажет жағдайда кері байланыс, бағыт-бағдар береді.
Тапсырма 1. Сызбада көрсетілген түзулердің арасындағы бұрышты анықтаңдар (көпжақтардың барлық қырлары 1-ге тең )
Тапсырма 2.
Сұрақ: түзулердің арасындағы бұрышты қалай анықтадыңыздар?
Тапсырма: Кеңістіктегі екі түзудің арасындағы бұрышты табу алгоритмін құрастырыңыздар.

Фронтальді жұмыс. 1-тапсырманың жауабын оқушыларға ауызша айтқызу арқылы тексеру және әрқайсысының анықталу жолына тоқталып өту, дайын презентацияда көрсету (Слайд 2-8). Жаңа тақырыптың мазмұнын ашу және оқушылардың жұмысын қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақтар қоя отырып кеңістіктегі екі түзу арасындағы бұрыштың анықтамасын, бұрыш қалай анықталатынын айтып өту, презентация арқылы көрсету (Слайд 9-14 ). Сондай-ақ, екі түзудің арасындағы бұрышты табуға бірнеше мысал көрсету, бұрышты табудың параллель көшіру және проекция түсіру әдістерін айтып өту (Слайд 15-19).
1-тапсырмада ұсынылған екі түзудің арасындағы бұрышты табуда қиындықтар туындаған оқушыларға өз бетінше немесе жұппен орындауға қосымша тапсырмалар ұсынуға болады (Қосымша 2)

Оқушыларға топта орындауға Тапсырма 3, 4 ұсыну (Қосымша 3). Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды,кері байланыс береді, оқушыларға сұрақтар қоя отырып бағыт бағдар береді.
Тапсырма 3. ABCDA1B1C1D1 бірлік текше. Сызбада көрсетілген түзулердің арасындағы бұрышты сызып көрсетіңіздер.

1) 2) 3)
4) 5) 6)
7) 8) 9)
10) 11)
4-тапсырма жеке орындауға беріледі. Нәтижесін оқушылар кезекпен ауызша айтады (толық орындау міндетті емес), қалған оқушылар өз жауаптарымен тексереді

Тапсырма 4. Алдыңғы тапсырмада көрсетілген түзулердің арасындағы бұрышты анықтаңыздар.

Оқушылардың жұмысын қорытындылау мақсатында оқушыларға сұрақ қоюды ұйымдастыру:
1. Екі түзу арасындағы бұрыш дегеніміз не?
2. Айқас түзулердің арасындағы бұрышты табудың қандай әдістерімен таныстыңыздар?
3. Параллель көшіру әдісі қалай қолданылады?
4. Проекциялау әдісі қалай қолданылады?.....
02.09.2020
Вернуться назад