DataLife Engine / Көпмүшелерге амалдар қолдану 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Көпмүшелерге амалдар қолдану 2-сабақ (Алгебра, 7 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көпмүшелер
Сабақ тақырыбы: Көпмүшелерге амалдар қолдану 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.1.9 көпмүшелерге қосу және азайту амалдарын орындай алады;
7.2.1.10 көпмүшені бірмүшеге көбейтеді;
Сабақ мақсаттары: Көпмүшелерді қосу және азайту , көпмүшені бірмүшеге көбейту амалдарын қолдана алады;

ІІ. «Ой қозғау»
Сөз тіркесін құрастыру үшін үлестірмелер саны бойынша оқушыларға көпмүше дәрежелерін лента түрінде өсу ретімен тізбектей орналастыруға көпмүшелер жазылған үлестірмелерді ұсыныңыз. Үлестірмелердің екінші жағынан сөз тіркесін оқуға болады «Көпмүшелерге амалдар қолдану»

а^4-5а^2 в 4 – дәрежелі ге
〖3а〗^2 в^3- 4а^4 в^3+ 5 7 – дәрежелі қол
2ав - 4в 2 – дәрежелі мүше
5ху - 4х^2 у 3 – дәрежелі лер
6х^7 у+ 3ху^3-2ху 8- дірежелі да
-с^3 х^3+с^2 х-сх 6- дәрежелі дар
а + в 1- дәрежелі Көп
0,5х – 3ху + 4х^3 у^2 5- дәрежелі амал
〖2а〗^4 в^3 х^2+3а^2 в^2 9- дәрежелі ну

Көп – мүше- лер - ге амал-дар қол – да –ну

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаты анықталады

ІІІ. Жеке жұмыс: «TRUE or FALSE» ойыны
Оқушылар тапсырмаларды жеке орындап, нәтижелерін «true» немесе «false» деп белгілейді. Қате болған жауаптарды оқушылармен талқыланады.
13а – 2bс+19bс = 13a +17 bc A
- 10nm + 9x - 20nm = 10nm - 9x Ж
–(x^2-5)+(x^2-4)= -2x^2-9 Ж
a(3-x) –2(a-ax) = a + ax A
2(x-5) -3(x+1) = -x - 7 Ж
(2x+1)-(4-x)-(12-5x)= 8x-15 A

Кері байланыс. Өзін –өзі бағалау

Жақшаларды ашу және жақшаларға алу ережелерін қайталау.

IV. Жұппен жұмыс:

1. 2а2-а-1 және а2+2 көпмүшелері берілген.
a) Берілген көпмүшелердің айырмасын табыңыз.
b) Берілген көпмүшелердің қосындысын табыңыз.
Жауаптарды стандарт түрге келтіріңіз

2. Үшбұрыштың бір қабырғасы (а+в) см, екінші қабырғасы одан (а-5) см артық , ал үшінші қабырғасы (2в+5) см болса, үшбұрыш периметрін табыңыздар.

3. Алматыдан шыққан пойыз Қостанай қаласына Қарағанды және Астана қалалары арқылы өтіп барады. Алматыдан Қарағандыға дейінгі арақашықтық а км, Қарағандыдан Астананға дейінгі аралық одан 850 км кем, ал Астанадан Қостанайға дейінгі аралық Қарағанды мен Астана аралығы ұзындығынан 520 км артық болса , пойыз Алматыдан Қостанайға дейін қанша км жол жүреді? Қалалардың аралықтарын а=1090 км болғанда, есептеп табыңыздар.

Кері байланыс. Бірін- бірі бағалау ( критерий арқылы бағалау)

Бағалау критерийлері Дескриптор Балл
Оқушы
Көпмүшелерді қосу және азайту амалдарын орындайды, жауаптарын стандарт түрге келтіреді көпмүшелердің айырмасын табады; 1
жауабын стандарт түрде жазады 1
көпмүшелердің қосындысын табады; 1
жауабын стандарт түрде жазады; 1
Үшбұрыштың периметрін есептейді Үшбұрыштың екінші қабырғасын анықтайды; 1
Үшбұрыштың периметрін табады; 1

Алматыдан Қостанайға дейінгі жолды анықтайды Қарағандыдан Астананға дейінгі аралықты анықтайды; 1
Астанадан Қостанайға дейінгі аралықты анықтайды; 1
Алматыдан Қостанайға дейінгі жолды табады 1
Сан мәнін есептеп табады; 1
Барлығы: 10......
23.08.2020
Вернуться назад