DataLife Engine / Радиоактивті заттар, ядролық реакциялар жайлы түсінік және олардың Қазақстанның энергетикасының әлеуетіндегі рөлі 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Радиоактивті заттар, ядролық реакциялар жайлы түсінік және олардың Қазақстанның энергетикасының әлеуетіндегі рөлі 2-сабақ (Химия, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Атом құрылысы
Сабақ тақырыбы: Радиоактивті заттар, ядролық реакциялар жайлы түсінік және олардың Қазақстанның энергетикасының әлеуетіндегі рөлі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: - радиоактивтілік заттар туралы түсіне білу;
- қарапайым ядролық реакцияларды жаза білу
-Қазақстан Республикасының ядролық энергетикасы туралы білу;
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар үйренеді:
- радиоактивті сәулеленудің түрлері мен қасиеттерін біледі;
Оқушылардың көбісі үйренеді:
-ядорлық реакция теңдеулерін жаза алады;
Кейбір оқушылар үйренеді:
- альфа-, бета- және гамма- ыдыраулары үшін ену қабілеті бойынша қорытынды шығарады;

Бейнебаян қарау:
**Радиоактивті заттар
Бейнебаянды қарастырып, терминдерге анықтама жазу.
Радиация –
Радиоактивтілік –
Радиоактивті ыдырау –
Радиация (лат. «сәулелену», «жарық шығару») – кеңістікте энергияны түрлі толқындар мен бөлшектер ретінде тарату.
Радиоактивтілік (лат. radіo – сәуле шығару, actіvus – әсерлік) –атом ядроларының басқа элементтер ядросына бөлшектер немесе гамма-кванттар шығару арқылы өздігінен түрлену құбылысы.
Радиоактивті ыдырау – радиоактивті бөлшектерді тарату.

Анықтамалардың айырмашылықтарын қарастыру.

Бейнебаян қарау:
**Радиация түрлері
**Радиоактивті ыдырау

Сұрақ:
*Радиоактивті ыдыраудың қандай түрлерін білесіңдер? Мұғалім радиоактивті ыдырау (α,β,γ ыдырау )түрлерін түсіндіруі қажет.
Альфа – ыдырау Плутоний атомы альфа ыдыраунәтижесінде уранға айналады және бір альфа бөлшек бөлінеді . Альфа бөлшек екі протон мен екі нейтроннан тұрады (не гелий атомының ядросы ) Бұл бөлшек ауыр болғандықтан баяу қозғалады , сондықтан оны қағаз кедергісі арқылы да тоқтатуға болады.
Бета - ыдырау
Радиактивті ыдырау кезінде ядроның ішінде нейтрондар протонға айналады да электронды не бета бөлшекті оңай бөліп шығарады. Электрон кішкене болғандықтан өте жылдам қозғалады. Сондықтан оны жұқа алюминий пластинка ғана тоқтата алады.

Гамма – ыдырау
Гамма- ыдырау негізінен альфа және бета ыдыраудан кейін жүзеге асады. Ол бөлшек емес жоғарғы энергиялы толқын, сондықтан жылдамдығы өте жоғары, оны тек бетон қабат не қорғасын тоқтатады......
01.08.2020
Вернуться назад