DataLife Engine / Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестері

Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестері

1Ф - Е - 10/5. 4
№ 12 сабақ жоспар
Пән: Агрономия негіздері
Тобы: М - 18 - 2
Күні, мерзімі:


Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылық дақылдарының аурулары мен зиянкестері
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері және олардың өкілдерінің құрылымдық және көбею ерекшеліктерін игерту, оқушылардың оқу қабілеттерін, таным ерекшеліктерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа баулу. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Оқушыларды өз бетімен ізденуге, ойын тұжырымдауға, өз көзқарасын айта білуге баулу. Шапшаңдық пен тапқырлық, танымдық және шығармашылық қабілеттерін және жылдам ой қорыту қасиеттерін жан - жақты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды ынтымақтаса жұмыс істеуге, тыңдауға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: Биология. Топырақтану. Өсімдік шаруашылығы.
Дәріске қолданылатын көрнекі құралдар: Плакаттар, суреттер, интерактивті тақта, сөз жұмбақ, муляждар, видео ролик, буклет, гербарийлер.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі: Қ. Әрінов «Агрономия негіздері» 97 - 107 беттер.
И. Сейітов «Агрономия негіздері» 100 - 120 беттер.
И. Үмбетаев «Мақта шаруашылығын дамытудың ғылыми негіздері» 85 - 90 беттер.
Н. Пономарев «Агрохимия негіздері» 61 - 83 беттер.
Қосымша: Қ. Жаңабаев «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы»
Сабақтың барысы мен мазмұны:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сырт келбетіне зер салып, дәрісхана тазалығына назар аудару, неміс халқының ұлы ақыны И. Гетенің «Біліп қана қоймай сол білгеніңді іске қолдана білуің керек, ниеттену ғана аз, сол ниетіңді іске асыру керек» - деген ұлы сөзін тілге тиек ете отырып, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. (2 мин)
ІІ. Сабақтың жоспары мен мақсатын таныстыру: Оқушыларды сабақтың жүру барысымен таныстыру. Ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері, сол дақылдардың зиянкестері, соның ішінде аурулары және олармен күресудің әдіс - тәсілдерін үйрету. Сабақ сайыс түрінде өткізіледі. Топ екі командаға бөлінеді. (5 мин)
III. Үй жұмысын тексеру, оқушылардың білімдерін бақылау:
1 - тапсырма
1 - топ оқушыларына
Минералды тыңайтқыштар.
2 - топ оқушыларына
Органикалық тыңайтқыштар.
2 - Білім минуты
1. Тыңайтқыштар шығу тегіне қарай нешеге бөлінеді?
2. Қоректік элементтеріне қарай бөлінуі.
3. Тыңайтқыштар агрегаттық күйіне қарай нешеге бөлінеді?
4. Өсімдікті топырақсыз өсіру әдісі.
5. Тыңайтқыш туралы Заң қашан қабылданды?
6. Тыңайтқыштармен жұмыс кезіндегі сақтық шаралар.
7. Техника қауіпсіздігі.
3. Жұмбақ
Ұзын мұртты сарылар
Қойнында дәні бар (бидай)
Кең алқап ақ түске
Бейне бір малғандай
Күзде де тал түсте
Қар жауып тұрған (мақта)
4. Телеграмма
Жіберілген бос сөздерді толтыру.(20 мин)
1V. Оқушылардың білімдерін бағалау: Топтарға берілген бағаларды жинап, ұпай қорытындысын шығару. Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау. (1 мин)
V. Жаңа тақырыпты жариялау, мақсатын айқындау, жазу (тақтада және дәптерде). Ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері, сол дақылдардың зиянкестері, соның ішінде аурулары және олармен күресудің әдіс - тәсілдерін үйрету. (2 мин)
YI. Жаңа материалды түсіндіру:
1. Дәнді бұршақ дақылдарының түрлері.
2. Дәнді бұршақ дақылдарының зиянкестеріне жалпы сипаттама.
3. Бұршақ дақылдарының зиянкестерінің түрлері.
4. Бұршақ дақылдарының аурулары және олардың түрлері. (33 мин)
VII. Жаңа материалды бекіту:
1. Сәйкестендіру.
I - топ оқушыларына
2 - тапсырма. Бұршақ дақылдарының қазақша және латынша атауларын сәйкестендіру.
II - топ оқушыларына
3 - тапсырма. Бұршақ дақылдарының негізгі ауруларының аттарымен қоздырғыштарын сәйкестендіру
2. Миға жабу.
I - топ оқушыларына
4 - тапсырма. Дәнді бұршақ зиянкестерінің негізгі түрлерінің қысқаша сипаттамасын
1 - кестеге енгізу.
II - топ оқушыларына
3 - тапсырма. Бұршақ дақылдарының негізгі ауруларының түрлері және зақым келтіру сипаттарын 2 - кестеге енгізу.
3. Ой қозғау.
I - топ оқушыларына
8, 9 - тапсырмалар. Аскохитоз және беденің қатерлі ісігіне сипаттама беру.
II - топ оқушыларына
6. 7 - тапсырмалар. Бұршақ жемірі және жоңышқаның қандаласына сипаттама беру. (20 мин)
VIII. Сабақты қорытындылау:
Сабақты студенттер мен білемін, білдім, және не білгім келеді деген кестені толтыру арқылы сабақты қорытындылайды.( 5 мин)
ІХ. Үйге тапсырма беру.
Негізгі: Қ. Әрінов «Агрономия негіздері» 97 - 107 беттер.
Қ. Жаңабаев «Агрономия негіздері» 61 - 83 беттер.
Н. Пономарев «Агрохимия негіздері» 256 - 289 беттер.
Қосымша: Қ. Жаңабаев «Агрономия негіздері» 61 - 83 беттер.
И. Үмбетаев «Мақта шаруашылығын дамытудың ғылыми негіздері» 325 - 350 беттер. (2 мин)





Источник: bilimdiler.kz
26.07.2020
Вернуться назад