DataLife Engine / Қатты және бәсең дыбыстар 1-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

Қатты және бәсең дыбыстар 1-сабақ (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дыбыс
Сабақтың тақырыбы: Қатты және бәсең дыбыстар 1-сабақ
Оқу мақсаттары: 2.5.3.1 дыбыс көздерін дауыс қаттылығына қарай жіктеу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар қатты және бәсең дыбыстарды ажыратады. Дыбыстардың қуатын зерттейді.Олардың байланысын біледі.

(МК) Шаттық шеңбер «Қайырлы таң!»
Кел, жаныма тұр, сыныптас.
Өз алақаныңды маған аш.
Міне, менің қолым бос,
Жылуыма жылу қос!
/оқушылар тұрып бір-бірін қолдарынан ұстап сәттілік тілейді, рахмет айтады/
-Балалар, ғылымға кіріспе сабағын бастамас бұрын, осы сабағымыздың ұранын айтайық.
Терең ғылым сананың,
Тегі дөп ой саламын.
Маңыз беріп оқимыз,
Ғылымға кіріспе сабағын.
-Балалар, ғылымға кіріспе сабағының қандай пайдасы бар?

(Т)Тыңда! Анықта!
Мақсаты:Аспаптар туралы аудио тыңдату арқылы сабақтың тақырыбын ашу
-Бұл музыкалық аспаптардың қандай ортақ қасиеті бар деп ойлайсыңдар? /бәрі де үн, дыбыс шығарады/
-Ал қандай айырмашылығы бар? Олардың дыбысы туралы не айтуға болады? /кейбір аспаптардың дыбысы қатты, кейбіреулерінің бәсең болады/
-Ендеше бүгінгі сабақта не жайлы әңгіме өрбітеміз?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Мақсаты негізінде бағалау критерийлерін құрастыру.
(МК)Суретпен жұмыс
Оқушыларға музыкалық аспаптардың суреттерін көрсетіп, атауын сұрау.
-Балалар, мына аспап қалай аталады?
-Кім домбырада ойнай алады?
-Мынау қай аспап?......
28.06.2020
Вернуться назад