DataLife Engine / Жылу. Түрлі денелердің температурасын өлшеу. (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

Жылу. Түрлі денелердің температурасын өлшеу. (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жарық.Дыбыс.Жылу. Магниттілік.»
Сабақтың тақырыбы: Жылу. Түрлі денелердің температурасын өлшеу
Оқу мақсаттары: 2.5.4.1 түрлі денелердің температурасын өлшеу
2.1.2.1 «ақпарат көзі» түсінігін және оның зерттеулер жүргізу үшін маңызын түсіндіру
2.1.2.5 құрылған жоспар бойынша бақылау жүргізу және қорытынды жасау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар әртүрлі заттардың температурасын өлшейтін құралдарды /термометрлерді/ ажыратады. Әртүрлі заттардың температурасынзерттейді.Олардың байланысын біледі.

(МК) Ұйымдастыру кезеңі
Мақсаты:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру және жағымды көңіл-күй орнату.
-Балалар, ғылымға кіріспе сабағын бастамас бұрын, осы сабағымыздың ұранын айтайық.
Терең ғылым сананың,
Тегі дөп ой саламын.
Маңыз беріп оқимыз,
Ғылымға кіріспе сабағын.
-Балалар, ғылымға кіріспе сабағының қандай пайдасы бар?
/Оқушылардың жауаптарын тыңдау/
(Т)Не артық? ойыны
Мақсаты:Ойын оқушылардың қызығушылығын ояту, сабақтың тақырыбын ашу
Қалам, оқулық, өшіргіш, термометр, кітап, дәптер, күнделік.
Ит, жылқы, адам, сиыр, қой, ешкі.
Су, орындық, керует, үстел, орындық, диван.
Астана, Қарағанды, ауа, Семей, Орал, Атырау.
-Балалар, қандай сөздер артық болып шықты?
-Неліктен?
-Бұл заттардың арасында байланыс бар ма?
-Қандай?
-Ендеше бүгінгі сабақта не жайлы әңгіме өрбітеміз?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.
Мақсаты негізінде бағалау критерийлерін құрастыру.
(Т,Қ,ОТ)Термометрлермен танысу
Оқушыларға термометр түрлері туралы ақпарат табуды, содан соң термометрлерді сыртқы түрі мен қолданылуына қатысты салыстыруды ұсыну.

(МК) Қауіпсіздік ережелері
Термометрді ұстау және қолдану жолдарын көрсету.
(Ж, ОТ) Тәжірибе
Мақсаты:Судың әр түрлі температурадағы күйін анықтау.
Тапсырма:Тапсырмаларды орындаңыз
• Суық, жылы, ыстық судың және мұздың температурасын өлшеңіз.
• Көрсеткіштердегі айырмашылықтарды талқылаңыз.
Қорытынды жасау:Таза су 1000С қайнайды, 00С мұз болып қатады/ мұз ери бастайды.
(Ұ,Т) Сарамандық жұмыс:
Тапсырма:Берілген құралдар қалай аталады? Олар не үшін қолданылады? ......
28.06.2020
Вернуться назад