DataLife Engine / Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімдері 3-сабақ (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімдері 3-сабақ (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тағам және сусын
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімдері 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар Қазақстанда өндірілетін негізгі тағам өнімдерімен танысады;
Олардың қайдан келетінін анықтайды.

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың көңіл- күйлерін сұрау
Сабаққа дайындықтарын тексеру

Сабаққа кіріспе:
-Тағамдарға не жатады? Қандай сусындарды жақсы көресін? Пайдалы тағамдарға не жатады? Пайдасыз тағамдарға не жатады?
(Ж) Жұпта мынандай сұрақтарды талқылауға тапсырма беріледі:
1.Қазақстанда жасалатын қандай өнімдерді білесіңдер?
2. Оларды кім өндіреді?
3. Қандай қалаларда өндіреді?
-Бүгінгі сабақта Қазақстанда не өндіріледі, Қазақстан қандай өнімдер өндіреді, өнімнің құрамы туралы айтамыз.
1. -Бүгінгі сабақ саяхат түрінде өтеді.
Оқушылар саяхат жасау үшін 4 топқа бөлінеді
Картанын суретін көрсету.
-Бұл не? Картадан Қазақстанның төрт тұсын анықтап шығайық...(Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан

(Ж) Ойлан
1. Ақшаға қандай тағам түрлерін сатып алуға болады?
2.Олар сенің үйіңе қайдан келеді?
3. Нені тегін алуға болады?
4. Мәтінді оқып, жұпта талқылау
(Т) Еліміздегі тамақ өндірісі.
Әр топқа Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс атаулары бойынша еліміздің бөліктеріне зерттеу саяхатын жасауды тапсыру. Оқушылар қай өңірде қандай тағам өндірілетінін анықтауы керек.Нәтижесін постерге орындауы тиіс. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар сынып бойынша ілінген суреттер мен сөйлемдерді жинайды. Әр топ мүшесі тиісті сурет пен сөйлемді табуы тиіс.
Берілген сөлемдер:
Оңтүстік Қазақстанда қант өндіреді.
Алматыда әлемге танымал апорт алмасы өседі.
Каспий теңізінде балық өндіреді. Батыс Қазақстан- консерв және балық өндіретін жер.
Солтүстік Қазақстанда бидай өсіреді. Солтүстік Қазақстанның нан өнімдеріөте дәмді және сапалы.
Шығыс Қазақстанда аралардан бал өнімін алады. Шығыс Қазақстанда ет консерв зауыты бар.
(ҚБ) Әр топ өз жұмыстарын қорғайды, басқа топтар бағалайды
(Ж) Дастарқандағы ас
1. Оқулықта берілген әңгіменІ жұпта рөлге бөліп оқу
2. Диалогтың қалай аяқталатынын ойластыру
3. Әңгімелеп айтып беру немесе сахналап көрсету........
26.06.2020
Вернуться назад