DataLife Engine / Су әуендері 2-сабақ (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)

Су әуендері 2-сабақ (Музыка, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Су әуендері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату
3.2.1.2 -қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану
Сабақ мақсаттары:
- судан және ыдыстан музыкалық аспап жасайды;
- жасаған аспаптарының көмегімен оркестр құрады;
- дирижерлік қимыл көмегімен орындап үйренеді.

Оқушылармен сәлемдесу

1. Стартер
Бейне материал қарау

Оқушылармен талқылауға арналған сұрақтар
- Не көрдік?
- Бұл экологиялық мәселені қалай шешуге болады?
Өткен сабақты қайталау
- Судың күйін қандай аспаптар арқылы дыбыстауға болады?
- Қалай ойлайсыздар, су музыка жасай ала ма?

2. Ассоциация сөздер
Сыныпты екі топқа бөлу
1 топ - су сөзіне
2 группа – музыка сөзіне
Бұл тапсырмаға 30 секунд өтеді

/бұл тапсырма оқушылардың алдыңғы білімдерін жаңғырту үшін өткізіледі/.

Кейін мұғалім оқушыларға сабақ мақсаты мен тақырыбын атайды.
3. Сабақ мақсатын атау:
Бүгінгі сабақта біз
- судан музыкалық аспап жасаймыз;
- дирижерлік қимыл көмегімен оркестрде ойнаймыз

Бейне материал қарау
Оқушылар музыканттардың хрусталь бокалдарында классикалық музыка ойналып тұрған видеоны көреді. Әр хрусталь бокалдары өз көлемі мен су мөлшеріне толтырылып тұр. Бокалдың көлемі мен су мөлшеріне быдыстың биік немесе төмен болуы тәуелді.

Талдау және талқылау
- Қандай өнерді көрдіңіздер?
- Музыканттар не істеді?
- Олар қандай аспапта ойнады деп ойлайсыздар?.....
22.06.2020
Вернуться назад