DataLife Engine / Центрлік және іштей сызылған бұрыштар 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Центрлік және іштей сызылған бұрыштар 1-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар: Шеңбермен байланысты бұрыштар
Сабақ тақырыбы: Центрлік және іштей сызылған бұрыштар 1-сабақ
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): шеңбермен байланысты бұрыштарды (хорда мен жанама арасындағы, екі хорда арасындағы, екі қиюшы арасындағы) таба алады;

І. Ұйымдастыру.
Амандасу
Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Миға шабуыл:
1. Центрлік бұрыш дегеніміз не?
2. Шеңберге іштей сызылған бұрыш дегеніміз не?
3. Белгісіз бұрыштарды табыңыз?

9.3.2.5 шеңбермен байланысты бұрыштарды (хорда мен жанама арасындағы, екі хорда арасындағы, екі қиюшы арасындағы) таба алады;
Жаңа тақырыпты ашу:
Салдар 1. Жанама мен хорданың арасындағы бұрыш : осы хордаға керілген  доғаның жартысымен өлшенеді.

Салдар 2. Төбесі шеңбердің ішкі нүктесінде орналасқан вертикаль бұрыштар жұбының әрқайсысы:    шеңбердің осы бұрыштар қабырғаларымен шектелген доғаларының жарым қосындысымен өлшенеді.

Салдар 3. Шеңберден тысқары қиылысатын екі қиюшының арасындағы бұрыш:  осы бұрыш қабырғаларының арасындағы доғалардың жарым айырмасының абсолют шамасымен өлшенеді.

Жанама мен қиюшы арасындағы бұрыш – жанама мен қиюшы жасайтын шеңбер доғаларының айырмасының жартысына тең. ......
10.06.2020
Вернуться назад