DataLife Engine / Жұқа линзалар. Линзада кескін алу. 2-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Жұқа линзалар. Линзада кескін алу. 2-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақтың тақырыбы: Жұқа линзалар. Линзада кескін алу. 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.13 – жұқа линзада сәуленің жолын салу және кескінге сипаттама беру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар білуі керек:
- жинағыш және шашыратқыш линзалардан өтетін жарық сәулесініӊ жүрістерін сипаттауды;
- линзаларда өтетін жарық сәулелерініӊ жүрісі арқылы линзаныӊ фокусын анықтауды;
- жұқа линзада кескін алуды және оны сипаттауды.

1) Ой қозғау. Сыныпқа келесі сұрақтарды қоямыз:
1. Суретте көрсетілген құралдардыӊ атаӊыз?

2. Бұл құралдарды қандай мақсаттарда қолданамыз?

3. Бұл құралдардыӊ негізгі элементін атаӊдар?
Жарықтыӊ шағылу және сыну қасиеттері жарық шоқтарын басқаруға мүмкіншілік береді. Суреттегі аспаптардыӊ жұмыс істеу принциптері жарықтыӊ осы қасиеттеріне негізделген.
Бұл құралдардыӊ негізгі элементі линза болып табылады.
Оқушылардың жауаптарына кері байланыс бере отырып, бүгінгі сабақтың оқу мақсатымен таныстыру.
2) Оқушылар жинағыш және шашыратқыш линзалардан жарық сәулесініӊ өтуін сипаттайды
а) Жинағыш линза:

Линзаныӊ бас оптикалық осіне параллель түскен сәулелер линзадан сынғаннан кейін линзаның бас фокусында (шын фокус) қиылысады (а-сурет).

б) Шашыратқыш линза:

Бас оптикалық оське параллель түскен сәулелер шашыратқыш линзадан сынғаннан кейін сәулелердің жалған жалғасы линзаның фокусында (жалған фокус) қиылысады (б).
ОF қашықтығы – линзаның фокустық қашықтығы (F, метр).
F нүктесі - линзаның фокусы;
Ф - жазықтығы фокустық жазықтық.......
04.06.2020
Вернуться назад