DataLife Engine / Әктас пен карбонаттардың қолданылуы Термиялық ыдырау. Әктасты күйдіру (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Әктас пен карбонаттардың қолданылуы Термиялық ыдырау. Әктасты күйдіру (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 (II)топ элементтері
Сабақтың тақырыбы: Әктас пен карбонаттардың қолданылуы. Термиялық ыдырау. Әктасты күйдіру.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1.14 табиғаттағы карбонаттар айналымының схемасын құру және олардың қолданылу аймағын атау;
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
Термиялық ыдырау реакциясын әктас және магний карбонаттары мысалында түсіндіре алады. Әктас айналымымен танысады. Әктас қолданылуын біледі.

Оқу мақсатын өзектендіру
Өткен сабақпен байланыс
Домино ойны

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.

Кілтті сөздермен таныстыру.
1. Термиялық ыдырау реакцияларының карбонаттарға да тән екенін әктас мысалында түсіндіу. Оқушыларға жеке бірнеше мысалдар орындату(магний, цинк, мыс т.б карбонаттарды термиялық ыдырау теңдеуін жаздырту)
2. Әктас айналымы туралы видео көрсету.
Видео сұрақтар қою арқылы оқушылардан сұрау.
1. Әктас табиғатта қалай пайда болады? Сөндірілмеген әктас дегеніміз не? Оны қалай аламыз?
2. Сөндірілмеген әктастан сөндірілген әктасты қай жолмен алуға болады
3. Әкті судың сөндірілген әктастан қандай айырмашылығы бар.
4. Лабораторияда әкті суды қандай мақсатта қолданады?
Кальций карбонатының ыдырау реакциясы эндотермиялық болғандықтан сөндірілмеген әктасты карбонаттан алуды сұрақтар қою арқылы пысықтау. Реакция теңдеулерін оқушылардық өздеріне орындату. Оқушыларға мынадай сұрақтар қою арқылы қорытындылауға болады.
1. Егерде кальций гидроксидінің ерітіндісіне көміртек диоксидін артық мөлшерде жіберсек қандай қосылыс түзіледі
2. Көміртек диоксидін суға жіберіп, лакмус қағазымен тексергенде қандай түсті көрсетеді?

5. Оқушылармен әктастың шыны,цемент жасауда және бетонның құрамын презентация арқылы түсіндіру

6. Жеке жұмыс. Ақылды карта тапсырмасын тарату.
Презентациядаға жауаптарымен тексеру.

7. Тест жұмысы арқылы сабақты қорытындылау.......
04.06.2020
Вернуться назад