DataLife Engine / Байлық

Байлық

Байда пейіл болса,
Кедейде мейір болады.

Байдың малы ортақ.

Байдан жұғар, балдан тамар.

Бай - жарлының бақташысы.

Дәулеттінің дәмімен.

Түгін тартса, түбінен май шығады.

Байдың малы ардақты,
Жарлының жаны ардақты.

Жүзді айдап, бірді жетелеген.

Басытқыға бал ішкен,
Сусынына шай ішкен.

Бай тоқ болмас,
Батыр аш болмас.

Байда - сәурік, жарлыда - байтал.

Қайырсыз байдан қайнатқан су артық.

Бай тойғанынан кекіреді,
Кедей аштықтан секіреді.

Бай болам десең, аузыңды бақ.

Бәсеке, байлық кімде жоқ,
Бірде бар да, бірде жоқ.

Бір-бірлеп мың болар,
Тама-тама көл болар.

Дәулетіне сәулеті сай,
Сәулетіне дәулеті сай.

Ақырып хан болмайды,
Бақырып бай болмайды.

Байлың түбі - бақыл,
Қазына түбі - ақыл.

Кім бай болғысы келмейді,
Құдайы қаламайды.
Кім би болғысы келмейді,
Халқы қаламайды.

Байлықтың бір тоқтығы, бір жоқтығы бар.

Барлық не жегізбес,
Жоқтың не дегізбес.

Бар шабылса, табылар,
Жоқ шабылса, тарығар.

Есепші болмай, бай болмас,
Есер болмай, ер болмас.

Ескі байдан жұрт қалмас,
Жаңа байдан шөп қалмас.

Жаңадан байыған жақынын танымас.

Жаңа байдан қалтаң қалмайды,
Ескі байдан талтаң қалмайды.

Ерге дәулет бітерде,
Қарға салса, қаз алар.
Ерден дәулет кетерде,
Лашын салса, аз алар.

Сыртың сыйлы болғанша,
Ішің майлы болсын.

Бір байдың жұртына,
Екі байғұс таласады.

Байды Құдай ұрайын десе, жортуыл жасайды,
Биені Құдай ұрайын десе, құлын тастайды.

Көктегі жұлдыз жиылса,
Бірден туған Айдай жоқ.
Өңкей жарлы жиылса,
Жалғыз үйлі байдай жоқ.

Бай болсаң, жарлылығыңды айтпа,
Жарлы болсаң, байлығыңды айтпа.

Үш рет жұтаған байда,
Үш рет шабылған ханда қазына қалмайды.

Кері кеткен бай кедейден қарыз сұрар.

Көшпелі дәулет кімде жоқ.
Бірде бар да, бірде жоқ.

Менмен бай Құдайға да ауыз салады.

Бермесе де бай жақсы,
Жемесе де май жақсы.
09.05.2020
Вернуться назад