DataLife Engine / Кеуде қуысының закымдануы. Қабырға, төс сынуы

Кеуде қуысының закымдануы. Қабырға, төс сынуы

Кеуде қуысының зақымдануы кезіндегі емде дәрігердің негізгі шешетін мақсаты ол қабырға мен төс сынықтары кезіндегі асқынулары анықтау (гемо-, пневмоторакс, өкпе, жүрек соққылары, пневмония) және олардың алдын алуын жүргізу.

Қабырға сынықтары барлық сынықтардың 15%-құрайды, ал кеуденің жабық жарақаттардың 67% -н.
Анатом-физ. ерекшеліктері. Қабырға жіңішке иілген пластинка, артқы бөлігі сүйектен, ал алдыңғы бөлігі шеміршектен құралған. Қабырғаның артқы ұштарымен – басы және буындық бетімен омыртқалармен байланысады, ал қабырға денесіндегі төмпешікпен – омыртқалардың көлденең буындық тесіктерімен. Қабырға иілімі төмпешіктен латкһеральды орналасып, қабырғаның бұрышын түзеді. Жоғарғы жеті қабырға алдыңғы ұштарымен -төспен симфиздар немесе жалпақ буындар арқылы қосылады. 7-9-10 қабырғалар төске емес, шеміршек бөлігімен алдыңғы қабырғаның шеміршегіне қосылады. 11-12 бос жатады.
01.05.2020
Вернуться назад