DataLife Engine / Жұмағали Саин (Ресей қызы)

Жұмағали Саин (Ресей қызы)

Қайда естідім, сенің нәзік үніңді?
Бар денемді билеп алып барады.
Қайда көрдім, сенің бауырым, жүзіңді?
Бір ыстық от жүрегімде жанады...
Бұл от кептен көкірегімде лапылдап
Жанып тұрған махаббатым, қарағым,
Қыздырды оны сенің даусың саңқылдап,
Дәл шағырмақ ыстығыңдай даланың.
Қайда көрдім, қайда естідім үніңді?
Туысқаным, өзің айтшы қинамай!
Бар келбетің көз алдымда бүгінгі...
Тоқтамаймын сені білмей, жырламай...
Кім еді деп, сұрамадың атымды
Отандасым деген жалғыз сезіммен,
Бек таныдым... қоштасқаның ақырғы—
Міне есіме түсті сенің сөзіңнен...
Көрдім сені жау тылында жауынгер,
Қап сұрапыл жорықтарда бір болдың,
Украинада, тар қыспақта тұрғанда ел.
Талмадың сен жалын болдың, жыр болдың
Нелер ауыр азаптарды бір көрдің.
Борышыңды ердей үздік өтедің
Жауған оқтар арасынан күн болдың.
Жайдары жүз Украина екеуің.
Жоқ ол да емес. Эшелонда келгенмін,
Шын құрметпен қолымнан гүл бергенмін,
Әр солдаттың махаббатпен осы қыз,
Жарасын жүз байлағанын көргенмін...
Бүгін тағы көріп тұрмын жүзіңді,
Қуаныштан жаным сезбей барады.
Өткен шақтар көз алдыма тізілді...
Ұзақ ойлар жан-жағымды қамады...
Білем сені, қарындасым, қарағым!
Барлық жерде,
Барлық жайда көргенмін.
Қарындасым, туысқаным серігім!
Отанымда шын сүймейді сені кім!
Енді міне, келіп тұрсың көркіңдей
Гүлге оранар Қазақстан жерінің.
Міне қазір тың жерлерді гүл етіп
Ен далама бидай егіп жатырсың.
Мүлгіп жатқан кәрі тонды түлетіп —
Жан бітірген, неткен ғажап батырсын!
Ресей қызы!
Зеңгер —ашық көзіндей —
Жүрегің бар мөлдір — таза адамға.
Табиғаттың жазғы сұлу көзіндей,
Сырлы, әдемі нұр құясың заманға!
30.04.2020
Вернуться назад