DataLife Engine / Жұмағали Саин (Өмір қызық, тұрмыс шат)

Жұмағали Саин (Өмір қызық, тұрмыс шат)

Мен балапан, анам менің,
Анам менің Октябрь,
Бүгін міне далам менің,
Ду мереке, ойын, жыр.

Сол думанның арасында,
Мен ұлымын салған ән.
Маған қызық бүгінгі өмір,
Маған қызық заманам.

Маған қымбат анамнан да
Ұлы Ленин деген ат.
Ойнақ салам панасында,
Тұрмыс гүлі, өмір шат.

Он бесінен туған айдай,
Толам күнде түрленем.
Көлде жүзген аққудайын,
Құлпырамын гүлденем.

Маған қымбат бар дүниеде,
Ұлы Ленин деген ат.
Мен баласы большевиктің,
Өмір қызық, тұрмыс шат.
30.04.2020
Вернуться назад