DataLife Engine / Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі 1-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі 1-сабақ (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көбею
Сабақтың тақырыбы: Споралы өсімдіктердің тіршілік циклі 1-сабақ (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.2.1.2 мүктер мен қырықжапырақтардың мысалдарында жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Мүктер мен қырықжапырақтәрізділердің жынысты және жыныссыз ұрпақтарының ерекшеліктерін түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын және мақсатын ашу үшін оқушыларға жасыл немесе шымтезек мүгі, қырықжапырақтың суреттері көрсетіліп, осы екі өсімдіктің ортақ белгілерін атау сұралады. Осы екі өсімдіктің екеуінің де споралы өсімдік екеніне оқушылардың назар аударту қажет.

1.Мүк пен қырықжапырақтәріздестерде қандай ортақтық бар?
2. Осы өсімдіктерде гүл бар ма?
3. Егер бұл өсімдіктерде гүлдер болмаса, онда бұл өсімдіктер қалай көбейеді?
Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады.
Сабақтың ортасы
Мұғалімнің түсіндірмесі. Мұғалім оқушыларға таныстырылымның көмегімен спорофит және гаметофит ұрпақтардың айырмашылықтарын түсіндіреді.

Оқушыларға мүктер мен қырықжапырақтәрізділердің жынысты және жыныссыз ұрпақтары көрсетілген тіршілік циклінің түрлі түсті суреттері, видеоматериалдар, ақпараттық парақшалар және таныстырылым сияқты түрлі ресурстар таратылады, олар өз бетінше онымен танысады. Жұмыс барысында мұғалім сұрақтар қойып, тиісті кері байланысты ұсынады.
Мұғалім сынып оқушыларын бірнеше топқа бөліп, топта мүктер мен қырықжапырақтәрізділердің даму циклдерін сипаттап түсіндіру тапсырмасын орындауды ұсынады.....
15.04.2020
Вернуться назад