DataLife Engine / Хромосоманың құрылымы. Хромосома ДНҚ-ғы - генетикалық материалдың рөлі. (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Хромосоманың құрылымы. Хромосома ДНҚ-ғы - генетикалық материалдың рөлі. (Биология, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жасушалық цикл
Сабақтың тақырыбы: Хромосоманың құрылымы. Хромосома ДНҚ-ғы - генетикалық материалдың рөлі.
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 8.2.2.1 генетикалық материал ДНҚ-ның хромосомадағы рөлін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар: ДНҚ орналасуын біледі. Хромосома саны бойынша түрлерін ажыратады.
Көпшілігі: ДНҚ рөлін түсінеді. Оның құрылысын толтыра алады.
Кейбір оқушылар: Геннің рөлін түсіндіреді.
Ұйымдастыру кезеңі.
(оқушылармен амандасу, жағымды оқу атмосферасын қалыптастыру).
«8.3В Көбею» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Оқушыларға жаңа бөлімді ашу мақсатында екі сурет ұсынылады. Ойларымен бөлісіп талқылаудан кейін бөлім, тақырып және оқу мақсаты таныстырылады. Қажетті ресурс таратылады. ДНҚ рөлімен таныстыру мақсатында бейнематериал ұсынылады. Сонымен қатар ДНҚ макеті көрсетіледі.
Оқушыларға жеке жұмыс таратылады (20мин). Жұмыспен танысқаннан кейін бағалау критерийін ұсынады.
Тапсырманың дескрипторы
• Тұқымқуалау ақпаратын сақтайтын құрылымдарды жазады.
• Хромосома мен ДНҚ құрылысының бөліктерін анықтайды.
• Диплоидты және гаплоидты хромосомалар санын анықтайды.
• Геннің рөлін түсіндіреді
Бейнематериалмен орындалатын тапсымаға бейнематериал көрсетіледі.
Ерте бітірген оқушыларға жеке тапсырма беру жоспарланған. (Оқулықтағы тапсырма)
Тапсырма орындалғаннан кейін оқушылармен тапсырма талқыланады. Оқу мақсаты бекітіледі.....
15.04.2020
Вернуться назад