DataLife Engine / Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сауда, қолөнер және әлемді игеру
Сабақ тақырыбы: Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының айырмашылығы неде? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.2 - ортағасырлардағы халықаралық сауда мен саяхаттардың рөлін түсіндіру;
6.2.4.3 - картада XV-XVI ғасырлардағы саяхатшылардың негізгі бағыт-бағдарларын белгілей отырып, Ұлы географиялық ашылулардың адамдардың әлем туралы түсінігіне ықпалын анықтау
Сабақ мақсаттары: Қытайлықтар мен еуропалықтардың теңіз саяхаттарының ерекшеліктерін талдау.
БЫМ/С Оқушыларға әртүрлі кемелердің өлшемдерін бейнелейтін суреттерді ресурстар тізімінен көрсету. Осы кемелердің бірі Үнді мұхитымен сапар шеккен Юнлэ императордың билігі тұсындағы (1402-1424 жж.) Мин әулетінің қазынасы артылған кеме, екіншісі 1492 жылы Христофор Колумбтың Солтүстік Америкаға жүзіп барған кемесі екендігін түсіндіру.
1. Екі кеменің суретінен қандай ой түйіндеуге болады?
2. Бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтауға бола ма?
Ж. Бейнематериалмен жұмыс. Бейнематериалды тыңдау арқылы Органайзерде талдау жасатыңыз. Қадамдар бойынша жұпта талдатыңыз.
1-қадам. Бақылау бөлімінде 2 минут көлемінде бейнематериалды тыңдату. Жалпы не түсінгенін баянда ту.Содан соң бейнематериалда көрген ақпараттарды үш бөліктерге бөлдірту.
2 қадам. Қорытынды. Өз бақылауына негіздеп, үш бөлікті негізге ала отырып, бейнематериалды қорытындылату.
3-қадам. Сұрақтар. Бейнематериал бойынша туындаған сұрақтарға жауап жаздырту.
Дескриптор:
- Бейнематериал бойынша ақпараттарды кестеде талдап, органайзерде орындайды;
- Органайзер кестеде бөлінген үш бөлікті негізге ала отырып, бейнематериалдағы ақпаратты қорытындылайды;
- Бейнематериал бойынша сұрақтар құрып, оған жауап жазады;
Т. Мәтінмен жұмыс.Берілген суреттер негізінде саяхатшылардың теңіз экспедицияларындағы саяхатын кестеде талдатыңыз. Саяхатшылар суреттері кестеде ұсынылады, суреттерге қарап оқушылар саяхатшыны анықтайды. Кім?, Қашан? Қайда? Нәтижесі қандай? деген сұрақтар негізінде кестеге ақпараттарды орналастырады.
Дескриптор:
• Суреттегі саяхатшылардың кім екенін анықтайды;
• Саяхатшылардың қашан саяхат жасағанын атайды;
• Саяхатшылардың қайда саяхат жасағанын анықтайды;
• Саяхатшылар саяхатының нәтижесін анықтайды.
Ж. Батыс Еуропа мен қытайлықтардың зерттеу саяхаттарын ПТМС талдау кестесін де түсіндірме жасатыңыз.
Позиция (мен солай санаймын, Батыс Еуропада зерттеу саяхаттарына дұрыс түсінік сақталса, Қытайлықтар зерттеу саяхаттарына бөгет жасады өйткені …)
Түсіндіру (....себебі,мынадай басты маңызды себеп болды …)
Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дәлелдей аламын....)
Салдар (айтылған мәселе бойынша мынандай қорытынды жасаймын....) ......
18.03.2020
Вернуться назад