DataLife Engine / Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған? (Дүниежүзі тарихы, 5 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүние жүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Терімшілер-аңшылардан бастап жер иеленушілер мен мал өсірушілерге дейін
Сабақтың тақырыбы: Неліктен ежелгі адамдар Ласко үңгірінің қабырғаларына сурет салған?
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары (оқу жоспарына сілтеме): 5.2.2.1– ежелгі адамдардың тұрмыс салтын сипаттау үшін «алғашқы қауымдық өнер» ұғымын пайдалану;
5.2.1.2 – тотемизм, анимизм, фетишизм, магия сияқты ежелгі діни наным-сенімдерді білу
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
• алғашқы қауымдық өнер туындыларын қолдану арқылы ежелгі адамдардың өмірі мен тұрмыс салтын сипаттайды
• ежелгі адамдардың діни түсініктері туралы біледі, оларды ажырата алады.
(БЫМ) Сыныптағы жарықты өшіріп, оқушыларды тыныштықта, көздерін жұмып, үңгірге саяхат жасайтынын елестетуді хабарлаңыз. Енді сынып бөлмесін үңгір ретінде қарастырып, электр шамын жас зерттеушілер қалай қолданатындығын сұраңыз. Қараңғы жерге жеткен соң, жасанды жарыққа бейімделу қажеттігін түсіндіре отырып, әңгімені жалғастырыңыз.

(С) Ласко үңгірінің суреттерін көрсетіңіз. Бұл суреттерді Францияда балалар 1940 жылы тапқандығы туралы айтыңыз. Оқушыларға жұпта ақылдасып, келесі сұрақтарға жауап беруін сұраңыз:
• Не көріп тұрсыз?
• Нені сезіндіңіз?
Оқушылардың айтқан болжамдарын тақтаға (флипчартқа) жазып, бүкіл сыныппен талқылаңыз.

(С) Оқушыларға аңшылықты бейнелейтін қазіргі уақыттағы суреттерді таратыңыз. Жартастағы және қазіргі суреттерді салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға тапсырма беріңіз. Қандай аңдарды көруге мүмкін болатындығын сұраңыз.

(С) Сыныпқа, ғалымдардың пікірінше, бұл суреттердің ежелгі тас дәуірінде, осыдан 25000 жыл бұрын салынып, алғашқы қауымдық өнердің алғашқы үлгілері болып табылатындығы туралы айтыңыз.

(Ж) Оқушыларды жұпқа біріктіріп, бұл суреттерден сол тарихи кезеңде өмір сүрген адамдардың өмірі туралы нені білуге болатындығын талқылап, пікір алмасуға тапсырма беріңіз. Оқушылардың болжамдарын бүкіл сыныппен талқылаңыз.
Бағалау критерийлері:
• Оқушылар алғашқы өнер үлгілерін қолдана отырып, алғашқы адамдардың өмірін суреттейді.
Дескрипторлар:
1. Қойылған сұрақтарға жауап береді.
2. Мысалдар келтіреді.
3. Қорытынды шығарады.
(С) Суреттердің шығу себептеріне байланысты тарихшылардың берген нұсқаларын қарап шығыңыздар. Оқушылардың пікірінше сенімді болып табылатын себептерді (суреттердің салынуына қатысты) талқылаңыздар.
(Ж) Ежелгі діни түсініктер мен олардың анықтамалары жазылған карточкалар мен осы түсініктердің бейнелейтін суреттерді таратып, оларды сәйкестендіруді тапсырыңыз.......
10.03.2020
Вернуться назад