DataLife Engine / Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдениет, білім және ғылымның дамуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының материалдық мәдениеті және қолданбалы өнері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.1.1 - «Мәдениет», «дала өркениеті», «материалдық мәдениет», «рухани мәдениет», «қолданбалы өнер», «мәдени мұра» түсініктерін қазақ халқының мәдени жетістіктерін сипаттауда қолдану
10.4.1.2 - қазақ халқының материалдық мәдениетінің негізгі жетістіктерін анықтау – Қазақстан территориясындағы тарихи-этнографиялық үрдістердің үздіксіздігін талдау
Сабақ мақсаттары: Оқушылардың қазақ халқының материалдық мәдениетінің дамуы және әр кезеңде жалғасуын талдап оны қазіргі заманда насихаттау туралы жолдарын ұсыну.
БЫМ

М Материалдық мәдениетіміз сонау көшпелі дәуірден басталады. Арғы ата-бабаларымыз яғни сақ тайпаларының көшіп қонып мал шаруашылығымен айналысқанын білеміз. Киіз үй – материалдық мәдениеттің басты көрнісі. Әрбір отбасы киіз үйді өздері жасап отырды, арба үстіне жасалған киіз үйлерде болды.

Тапсырма №1. Кластер сызу.
Қазақтың материалдық мәдениетіне не жатады.

Жаңа сөздермен танысу
Күлпара – жел, су, суық өткізбес үшін басқа жамылатын киімнің түрі
Сәукеле – қыз балалардың, ұзатылатын қыздың киетін бас киімі
Қамқа тон – бай, мырзалар киген, әдемеліпі тігілген тон.
Саптама - іші кигізбен қапталып тігілген ер адамдардың аяқ киімі
Жақы – жылқы терісіне тігілген ерлер киімі.
Шекпен - түйе жүнінен тоқылған жаздық сыртқы киім. Шекепеннен су да, жел де өтпейді.......
10.03.2020
Вернуться назад