DataLife Engine / Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер
Сабақ тақырыбы: Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік жіктелуінің ерекшеліктері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.2.2.6 – қазақтардың әлеуметтік жіктелуіне тән ерекшеліктерді анықтау үшін «ақсүйек», «қарасүйек», «хан», «сұлтан», «би», «батыр» ұғымдарын пайдалану;
10.2.2.7 – дәстүрлі қазақ қоғамындағы әлеуметтік институттардың функционалдық рөлін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығындағы әлеуметтік топтарды жіктеп, қоғамдағы қызметін талдау.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

БЫМ/Б оқушылар назарына әлеуметтік топтардың өмірін сипаттайтын суреттері, анықтамалар мен ұғымдар («хан», «сұлтан», «би», «батыр», «қараша», «төлеңгіт») ұсынылады. Оқушылар ұғымдарды, анықтамаларды, суреттерді топтастырады. Келесі сұрақтар төңірегінде ойлануды сұраңыз:
- ақсүйектер тобына кімдер кірді?
-қарасүйектер кімдер?

Оқушылардың жауаптарын тындатыңыз.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.
Т А.М. Хазанов еңбегінен қазақ қоғаының әлеуметтік стратификациясы туралы үзінді беріңіз. Талқылау сұрақтары: «Неліктен қазақ қоғаында әлеуметтік стратификациясы болды?» Кесте толтыру:
Әлеуметтік жіктеліс
Малға меншік Әлеуметтік құрылымындағы жоғарғы билік
Әлеуметтік стратификациясы
Әлеуметтік топтар иерархиялық мұра арқылы қоғамды басқаруда арнайы құқықтар мен міндеттермен ерекшеленеді.
Б жұптардың жауаптарын тыңдатып, кері байланыс беріледі, оқушылар бір-бірінің жауаптарын толықтырады.
Т Оқушылар топпен қазақ хандығындағы әлеуметтік топтың ерекшелігін анықтауға ұсыныс беру. Мәтін «Джигсо» әдісімен талқылау. Үй топтарына оралған соң бірін-бірі критерий бойынша бағалау мүмкіндігі бар.
Ж бейнефильмнен кем дегенде 5 топты анықтау
Зерттеу сұрақтары:
-Қазақ қоғамы қандай әлеуметтік топтар мен таптарға жіктелді?
-Әрбір әлеуметтік топ өкілдері қандай қызмет атқарды?
-Хандардың, би, батырлардың басшылық рөлі мен шешімдері қаншалықты маңызды болды?......
10.03.2020
Вернуться назад