DataLife Engine / Ерінің жыл асын беру жиынында айтқан жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ерінің жыл асын беру жиынында айтқан жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ұстаздар соққан күбідей,
Төрт қырлы алмас жебедей.
Қатарының ішінде
Қадірлі кісі атанды,

Аударылған кемедей.
Үйімнің сынды тұлғасы,
Елде қалды құрдасы,
Төсекте қалды жолдасы.

Ағасы байғұс не қылсын,
Інісінен айырылып,
Сарсылып қалды бір басы!
Ағасы байғұс не қылсын,

Тұяқтан тайса сырғасы!
Шар айнам жүзі тотталды,
Алладан бұйрық жеткесін,
Нәубетті күні біткесін,
Бас ием жалғыз аттанды-ау!
09.02.2020
Вернуться назад