DataLife Engine / Есімде (Қазақ ауыз әдебиеті)

Есімде (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алматының бозғылт тұман түнінде,
Кеп тұрып ек жасыл терек түбінде.
Сүйемін деп асылып ең мойныма,
Қайда, қайда сол бір елес бұл күнде. - 2 рет.

Айтшы қалқам,қайда,қайда сол уақыт,
Болған ем ғой тапқандай бір мол бақыт.
Маңдайынды сүйіп, сәулем, төсіме,
Кетіп ең ғой кеудеме күн орнатып. - 2 рет.

Айтшы жаным, қайда,қайда сол бір кез,
Қайда таныс,қайда мөлдір қара көз.
Теректе жоқ, сенде жоқсың бұл күнде,
Есімде тек сүйем деген жалғыз сөз. - 2 рет.
08.02.2020
Вернуться назад