DataLife Engine / Сағыныш екен бала кез (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сағыныш екен бала кез (Қазақ ауыз әдебиеті)

Армандай асыл ақ дәурен,
Алыстап қалды-ау қара көз.
Алаулай атқан таңдармен
Келмейді-ау сол бір бала кез.

Тырналар ұшып өткенде,
Түседі-ау еске бала кез.
Қызғалдақ көрсем көктемде,
Түседі-ау еске қара көз

Аққу ткеп қонса көліне,
Түседі-ау еске қара көз.
Тырналар қайтса еліне
Түседі-ау еске бала кез.

Сағынған жақсы бір сәтті,
Сағыныш екен бала кез.
Есіме алсам бір шақты,
Арманым екен қара көз.

Армандай асыл ақ дәурен,
Алыстап қалды-ау қара көз.
Алаулай атқан таңдармен
Келмейді-ау сол бір бала кез.
08.02.2020
Вернуться назад