DataLife Engine / Маржан қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Маржан қыз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асқақтата салғаным жайлау әні,
Баққан малым жайлаудың болған сәні.
Қай жерімнен мін таптың, қалқатайым,
Менің жазған хатыма жауап қане!

Қайырмасы:
Кездескен күн есімде,
Айлы жаздың кешінде.
Еске сақта қалқатай,
Айта берем несіне.

Жайлау қандай, мал қандай, өзім қандай,
Көрген адам біздерге таңданғандай.
Жалғыз жүріп есіме сен түскенде,
Қарсы алдымнан болады шам жанғандай.

Қайырмасы.

Кездесіп ек колхозда айлы түні,
Құлағымнан қалқаның кетпейді үні.
Шығасыңба алдымнан,шықпайсыңба,
Москвадан Жұлдыз ап келген күні?!

Қайырмасы.
08.02.2020
Вернуться назад