DataLife Engine / Сен ғана (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен ғана (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жайма шуақ көктемнің жасыл күні,
Бал-бұлақтан естейсін мың күлкіні.
Аспан асты бір саған құмартқандай,
Тамылжыйды аулақта бұлбұл үні.

Қайырмасы:
Аялап тербеткен,
Сұрашы жер - көктен!
Әлемнің сенде қызығы,
күннің де сенде қызуы,
Бір өзің аңсарым,
Бір өзің жан-жарым!

Сабыр етші,жан сәуле, тыңда тағы,
Сен дегенде тау шыңы тіл қатады.
Аққайынмен сырласып ұзап шықсан,
Әншіл арман бір сен деп шырқатады.

Қайырмасы.

Кессем дағы қай өлке қай даланы,
Самал желі сені аңсап аймалады.
Махаббаттың көрдің бе құдыретін,
Жердің өзі бір сен деп айналады.

Қайырмасы.
08.02.2020
Вернуться назад