DataLife Engine / Сары жез құмған-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сары жез құмған-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Біздің ауыл, сұрасаң, Белтұрғанда,
Биік ағаш солқылдар жел тұрғанда.
Күн мен айын басқаның мен қайтейін,
Тал шыбықтай солқылдап сен тұрғанда.

Сары жез құмған-ай,
Отта тұрған-ай.
Айналайын көзіңнен,
Ашып-жұмған-ай.

Біріншіден не жаман – өсек жаман,
Екіншіден – сүймеген төсек жаман.
Ер жігіттің бойында болмаса өнер,
Жақсы екен ғой жүргені есен-аман.

Сары жез құмған-ай,
Отта тұрған-ай.
Айналайын көзіңнен,
Ашып-жұмған-ай.
07.02.2020
Вернуться назад