DataLife Engine / Келіншек (Қазақ ауыз әдебиеті)

Келіншек (Қазақ ауыз әдебиеті)

Қан түссе аяғына ат сүріншек,
Келгенде жиырма беске қыз еріншек.
Осы әнге шаттандырып салады екен,
Түбінде займкенің бір келіншек.

Әмірхан, Темірхан,
Ау, қалқатайым-ау,
Бір келіншек-ау.

Ағашы займкенің селдіреген,
Қалқаның екі көзі мөлдіреген.
Ән салып кешке таман жүргенінде,
Бүрмесі ақ көйлектің желбіреген.

Әмірхан, Темірхан,
Ау, қалқатайым-ау,
Бір келіншек-ау.
06.02.2020
Вернуться назад