DataLife Engine / Жас дәурен (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жас дәурен (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мен шықтым кешке қарай самалдарға,
Сөз айтпа қадыр білмес жамандарға.
Жас күнде арыстандай айбарлы едім,
Қартайып жас жеткен соң, амал бар ма.

Ах-ау, күндерім-ай,
Жас дәурен, өтеріңді білмедім-ай.

Жас дәурен, мені қайда бастамадың,
Кей уақыт ерік бермей баспаладың.
Отырмын қартайған соң нардай шөгіп,
Басымнан өткеннен соң жастық шағым.

Ах-ау, күндерім-ай,
Жас дәурен, өтеріңді білмедім-ай.
06.02.2020
Вернуться назад