DataLife Engine / Жариям-айдай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жариям-айдай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алып келген базардан қыжым кебіс,
Сілекейі қалқаның болар жеміс.
Жел тимесе, күн тимес деген сөз бар,
Сұлу қыздың айтқаны ұят емес.

Өрік, мейіз, қант пен шай,
Алма мойын, ақ бидай,
Жариям-айдай,
Жанға жақын келсейші,
Беу қалқатай-сәулетай.

Алып келген базардан білте шам-ай,
Бидай өңді аққұба құдашам-ай,
Сірә менің көңілім басылар ма,
Сақиналы қолыңнан ет асамай.

Өрік, мейіз, қант пен шай,
Алма мойын, ақ бидай,
Жариям-айдай,
Жанға жақын келсейші,
Беу қалқатай-сәулетай.
06.02.2020
Вернуться назад