DataLife Engine / Ал, бұлбұл әнім (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ал, бұлбұл әнім (Қазақ ауыз әдебиеті)

Біздің жақтың жолықсаң еркесіне,
Қарамайды тоныңның келтесіне.

Ал, бұлбұл әнім,
Заулатшы-ай, жаным-әй.

Жалғыз атын қонаққа кешке сойып,
Жүген ұстап қалады ертесіне.

Ал, бұлбұл әнім,
Заулатшы-ай, жаным-әй.

Ат байладым ақ үйдің кермесіне,
Жастық қайта мен кепіл келмесіне.

Ал, бұлбұл әнім,
Заулатшы-ай, жаным-әй.

Емеуірін еркімен білдірмесе,
Көз салмаймын ешкімнің бермесіне.

Ал, бұлбұл әнім,
Заулатшы-ай, жаным-әй.
06.02.2020
Вернуться назад