DataLife Engine / 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипатқа ие болды? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипатқа ие болды? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: 9.1А ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық сипатқа ие болды?
Оқу мақсаты: 9.3.1.2 – XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси үдерістерге баға беру;
9.3.1.3 – 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің тарихи маңызын анықтау және тұлғалардың рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Тарихи айғақтарды талдау және бағалау негізінде дәйекті қорытынды жасау дағдыларын дамыту.
I.Қызығушылықты ояту: Ұйымдастыру: амандасу-түгендеу
М/Б 1. XX ғ. басындағы саяси ахуалды жеткізу Амангельді фильмінен үзінді көрсету
2. Бейне таспадағы негізгі ойды және көріністі айқындау
3. Берілген бейне таспа бойынша үш сөйлем құрастыру
4. Жазылған ойларын ортаға салады
Негізгі ой: Отарлау саясаты
Бейне таспаны ашатын сұрақ:
• Бұл оқиғада қандай мәселе көтеріліп тұр?
II. Мағынаны тану
М/Б 1. Оқушылар мәтін арқылы ұлт-азаттық көтерлістің барысын кестеге түсіреді
2. Көтерілістің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді себептерін айқындайды
Танымдық мәтін:
1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық –зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Николай ІІ патшаның 1916 ж. 25 маусымдағы “Реквизициялау туралы” жарлығы шықты. Жарлық бойынша Қазақстан, Орта Азия мен ішінара Сібірдің “бұратана халықтарының” ер-азаматтарынан (19 бен 43 жастың аралығында) майданның тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстары мен әскери қатынас жолдарын салу, окоптар қазу, т.б.) 400 мың адам (оның ішінде қазақтардан 240 мыңға жуық) алу белгіленді. Сонымен қатар, империянның еуропалық бөліктерін Қазақстанға 2 млн 400 мың адам қоныстандырылып, 1916 жылға дейін қазақтардан 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алынды. Бұл жергілікті халықты таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр етті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халыққа әскери салық салынып, әр отбасына көлемі 1 сом 84 тиын мөлшерінде белгіленді. Шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.Осылай
- отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алу, салықтардың көбеюі, еңбекшілерді аяусыз қанау, күштеп орыстандыру саясаты, ұлттарды кемсіту соғысқа байланысты жағдайының нашарлауы стихиялы түрде басталған қозғалыс біртіндеп, ұлт-азаттық көтеріліске ұласты. Оны еңбекші халық өкілдері басқарды. Торгай даласында көтеріліске Амангелді Иманов, Орал облысы мен Бөкей Ордасында Сейітқали Меңдешев, Әбдірахман Әйтиев жетекшілік етті. Маңғыстауда - Жалау Мыңбаев, Жетісуда Тоқаш Бокин, Бекболат Әшекеев, Үзақ Саурықов және тағы басқалар басқарды. Ұлт-азаттық көтеріліске қазақ жұмысшылары да қатынасты. Спасск мен Қарқаралы зауыттарындағы, Успенск мен Жезқазған кеніштеріндегі, Қарағанды мен Екібастүз көмір кендеріндегі, Ембі мұнай кәсіпшіліктеріндегі, Омбы, Орынбор-Ташкент темір жолын- дағы жұмысшылар жұмыстарын тастап, көтерілісшілерге келіп қосылды.
М/Ж 1. Жұпта жұмыс жасай отырып, қазақ зиялыларының көзқарастарын анықтайды
2. Өз көзқрастарын тұжырымдайды.
Көзқарасты айқындайтын сұрақ:
• «Неліктен ұлт зиялылары екіге бөлінді»?
Социал-демократтар
Революцияшыл топ өкілдері - Ә.Жангелдин, Ә.Иманов, Т.Бокин, Б.Әшекеев, Ж.Мәмбетов қара жұмысқа барудан бас тартып, халықты көтеріліске шақырды. Мен осы топ өкілдерін қолдаймын, себебі.... Либерал-демократтар
Либералдық-демократиялық зиялылар - Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов патша үкіметімен келісімпаздық (компромистік) бағыт ұстанды. Мен осы топ өкілдерін қолдаймын, себебі....

Ал Тоқаш Бокин, Жаңабай Ниязбеков, Әубәкір Жүнісов, Тұрар Рысқұлов, Сейітқали Меңдешев, Бәймен Алманов, Әліби Жангелдин, т.б. радикалды көңіл-күйдегі оқығандар мен белсенділер халықты ашық қарулы қарсылыққа шақырды. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовтар 1916 жылы тамыздың 11-інде жарық көрген «Алаштың азаматы» атты үндеуінде:
«Біздің жұртқа айтарымыз – бұған көнбеске болмайды. Көнгенде – шаруаға кемшілік те келер, барған жігіт қазаға да, бейнетке де ұшырар, бірақ елдің іргесі бұзылмас.
Көнбегенде көретін ауырлық – бағынып тұрған үкіметтің жарлығынан бас тартсақ, үкімет бізге құр өкпелеп қоймас, күш жұмсар, ол күшті законға сүйеніп істер?» – дейді.

М/Т 1. Оқушыларға топтарға бөліп, Көтерілістің ошақтарын ұсыну
2. Топтар көтерліс ошағын оқи отырып, тарихи маңыздылықты айқындайды

ТОП: Торғай көтерілісі
Торғай уезінде Амангелді Иманов бастаған ірі көтерілісшілер жасағы қүрылды. Торғай уезінің қазақтары Әбдіғапар Жанбосынды өздерінің ханы етіп сайлады. Әскердің бас сардарбегі болып Амангелді Иманов, оның көмекшісі етіп Оспан Шолақов тагайындалды. Амангелдінің әскері көтерілісшілердің басқа жасақтарынан үйымдасқандығы және тәртібімен ерекшеленді. Сарбаздар ондық, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Басқару жүмысы штаб міндетін атқарған Әскери Кеңес арқылы жүзеге асырылды.
23 қазан кцні Амангелді бастаган 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады. Қазан әскери округі әскерлерінің қолбасшысы әскери министрге жолдаған хабарында: «Торғай және Ырғыз уездеріндегі жағдайдың тез нашарлап бара жатқанын, Торғаймен тек телеграф байланысы ғана емес, барлық қарым-қатынастың үзілгенін, Ырғыздың қоршала бастағанын» баяндады. Сонымен бір мезгілде көтерілісшілердің Торғай мен Ырғызды басып алып, Орынбор-Ташкент темір жолындағы қозғалысты тоқтатып тастау ойының бар екендігі хабарланды.
1916 жылдың қарашасында көтерілісшілердің саны 50 мыңға жетті. Көтерілісшілер жергілікті отарлық өкімет орындарының жұмысын толықтай дерлік тоқтатты. Жазалаушы отрядтар көтерілісті баса алмады. Генерал Лаврентьев басқарған арнайы экспедициялық корпус қүрылды. Корпус шабуылды бірден үш бағыттан - Қостанай, Ақтөбе мен Шалқардан бастады......
30.01.2020
Вернуться назад