DataLife Engine / Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): Оқу мақсаты:
7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.1.1 – Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру
Сабақ мақсаттары: Қарақұм мен Ордабасы құрылтайлардың нәтижелерін анықтау.
Б Өткен сабақтарда алған білімдерді өзектендіру.
Келесі сұрақтар аясында оқушылармен талқылау ұйымдастырыңыз:
1. Қазақ-жоңғар қатынастарының шиеленісуіне не түркі болды?
2. Орбұлақ шайқасы туралы айтып беріңіз, ондағы жеңістің маңызы қандай?
3. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» кезеңнің тарихи сабағы қандай деп ойлайсың?
Т Топта оқушылар қазақ-жоңғар қатынастары туралы 10 факт жазып алады.
1. Басқа топпен өздерінің фактілерімен алмасады
2. Жағымды және жағымсыз фактілерді анықтап, + және – белгілерімен ажыратады
Одан кейін әр топ 10 фактілердің ішінен ең маңызды 3 анықтап, өз таңдауларын негіздейді.
Ж Жоңғар шапқыншылықтарына қатысты «сюжеттік кестені» толтыру
Кім? Не? Қашан? Қайда? Неліктен?
Зерттеу мен талдау
Б/ТДеректермен жұмысты ұйымдастырыңыз (Қосымша 1)
Мәтіннің «пирамидасын» толтырыңыз.
1. Дерек не туралы.
2. Негізгі тарихи оқиғалар.
3. Негізгі тарихи тұлғалар.
4. Сіздің қорытындыларыңыз
5. Өзінің жеке пікіріңіз......
29.01.2020
Вернуться назад