DataLife Engine / Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4A бөлім Қазақ хандығының XVI – XVII ғасырлардағы дамуы
Сабақ тақырыбы: Біртұтас халық жасағының ұйымдастырылуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау;
7.3.1.1 – Қарақұм және Ордабасы құрылтайларының халықты жоңғар басқыншылығына қарсы жұмылдырудағы рөліне баға беру
Сабақ мақсаттары: Қазақ хандығының ішкі жағдайын талдау.
Б Бастапқы талпындырушы материал ретінде оқушыларға Құрылтайға арналған Ордабасы тауындағы ескерткіш пен Қарақұм шөліндегі суретті көрсетіңіз.
Келесі сұрақтарды қойыңыз:
Бұл ескерткіш неге және кімге арналып қойылды?
Мұнда қандай оқиғалар орын алуы мүмкін
М Оқушылардың тұжырымдамаларын тыңдап, оларды өткен 1 сабақ материалын еске түсіруді өтініңіз:
1. Жоңғар шапқыншылығы сәтінде Қазақ хандығының саяси жағдайы қалай болды?
2. Жоңғар мемлекетінің себебі/мақсаты қандай еді?
Зерттеу сұрақтары:
1. Неліктен Ордабасы құрылтай өтетін жер болып таңдалды?
2. Қарақұм мен Ордабасыдағы құрылтайлар шешімі тарихи оқиғаларға қалай әсер етті?
Зерттеу мен талдау
Ж Түпдеректермен жұмысты ұйымдастырыңыз (Қосымша 1).
Деректерге қатысты сұрақтар:
• 1. Бұл дереккөз не жайлы?
• 2. Оның негізгі ойы қандай?
• 3. Автор нені пайымдағысы келді?
• 4. Ол заманның саяси жағдайы жайлы сіз не білесіз?
• 5. Бұл дереккөз шындыққа сәйкес келе ме?
• 6. Дереккөз авторы жайлы не білесіз?
Т Топтық жұмысты ұйымдастырыңыз.
1-тапсырма. Қарақұмдағы құрылтай жайлы кестені толтырады. (Қосымша 2)......
29.01.2020
Вернуться назад