DataLife Engine / Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3B Қазақ халқының қалыптасуы
Сабақ тақырыбы: Қазақ халқының қалыптасу үдерісінің аяқталуы 2-сабақ
Сабақтың мақсаты: - Ежелгі және ортағасырлар тарихының оқиғалары арасында байланыс орнату арқылы қазақ халқы қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтау;
- «қазақ» этнонимінің мағынасын түсіндіру.
Ұйымдастыру бөлімі
Топтық жұмыс
Т. 1-тапсырма. Қазақ тайпаларының бір “халық” болып қалыптасуын дәлелдеу
Ортақ мәдениеттері
Тарихи мекендеген аймақтары
Өздерін қазақ халқының өкілі ретінде санай бастаған кезі Ортақ тілде сөйлей бастауы
Ортақ атаумен аталуы
Өзіне тән антропологиялық бет пішіні
- Сыныпқа сұрақ қойыңыз: халық болып қалыптасудың белгілері қандай ?
М. Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар екенін атап өтіңіз:
 халықтың өзіне тән мәдениетінің қалыптасуы;
 халық мекендеген аумағының қалыптасуы;
 өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы;
 халықтың тілінің қалыптасуы;
 халықтың ортақ атауының қалыптасуы;
 халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.
Б. Сыныпқа сұрақ: Қазақты «халық» болып қалыптасты деп қалайша дәлелдей аламыз? Жоғарыда көрсетілген критерийлер негізінде, оқушыларға дәлелдеуге тапсырма беріңіз. Әр пункт бойынша оқушылар тиісті дәйектерді көрсетулері тиіс.
Т. 2-тапсырма. Осы суреттер мен тақырыптың арасындағы байланысты табыңыз
(қалыптастырушы бағалау)
М. Бұл тапсырманы әңгіме түрінде өткізуге болады. Алаш ұғымының қазіргі заманда әртүрлі атауларда кездесетіндігін айта келіп, көрсетілген суреттер бойынша сұрақ қойыңыз:
- Мына суреттерге қарап ертеден «қазақ» сөзінің синонимі болған «Алаш» атауы қазіргі заманда қандай мағынада қолданылады деп ойлайсыз?
- Осы суреттер мен тақырыптың арасындағы байланысты табыңыз.......
27.01.2020
Вернуться назад