DataLife Engine / Ежелгі түріктердің жазуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Ежелгі түріктердің жазуы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1AVI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақтың тақырыбы: Ежелгі түріктердің жазуы 1-сабақ
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары: 6.3.1.2 – VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Сабақтың мақсаттары: Түркі дәуірінің атақты тұлғаларының қызметін саралау арқылы VI-IX ғасырлардағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін талдайды.
БЫМ (бастапқы ынталандырушы материал) Оқушылармен диалог ұйымдастырыңыз:
- Біз өткен тарих туралы қайдан білеміз?
- Тарихшы үшін деректің маңызы неде?
- Деректің қандай түрлері бар?
Оқушылармен сұрақтарды талқылай отырып, сабақ тақырыбы мен зерттеу сұрағына жетелеңіз.
Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстырыңыз.
Зерттеу
1-тапсырма. Т/Ж Бейнематериалмен жұмыс.
Алдын-ала берілген сұрақтарға жауап дайындайды.
1-топ.
Түркі тайпаларының әліпбиі қанша әріптен тұрады?
Түріктердің төл жазуы қалай аталады?
Ежелгі түрік жазуының ескерткіштері қашан және қай жерден табылған?
Орхон-Енисей тас жазуы деген атау неліктен берілді?
Ежелгі түрік жазуларында қандай оқиғалар баяндалған?
2-топ.
Күлтегін кім?
Түрік мемлекетін біріктіру мақсатында қандай саясат жүргізді?
Күлтегіннің жауынгерлік жорықтары туралы қайда баяндалған?
Күлтегін ескерткіші қай жерден табылды?
Күлтегін ескерткішіндегі сөздерді алғаш оқып, анықтаған ғалым кім?
3-топ.
Тоныкөк кім?
Тоныкөк түрік әскерінде қандай лауазымға ие болды?
Тоныкөк түрік мемлекетінің сыртқы саясатын жүргізуде қандай ұстанымда болды?
Білге қаған кім?
Білге қаған елді басқаруда қандай жетістіктерге қол жеткізді?
Білге қаған ескерткішінің мазмұны қандай?
Білге қаған ескерткішінің негізгі идеясы қандай?.....
26.01.2020
Вернуться назад