DataLife Engine / Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі

Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі

Түрекеш Ботагөз
10 сынып, Атбасар қаласы
«Мектеп жанындағы интернатымен №8 орта мектеп» КММ Ақмола облысы
Жетекшісі: Жакина Раушан Толеубаевна

Өмірі – ұрпаққа өнеге.
Соғыстың аты соғыс қой,
Жалмады талай арысты.
Мылтықтың оғы босқа ұшпай,
Өлім мен өмір алысты
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет – журнал материалдары немесе радиотелехабарлар және кинолар аталарымыздың ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізген. Содан бері 70 жылдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.
Ұлы Отан соғысы ... . Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр,
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, - деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.
Ардагерлердің жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, жауды жеңіп, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш – әрине, «бірлік». Қаншама халық бір тудың астына бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Соғыс – ең қорқынышты, үрейлі, қасіретті сөз, себебі соғыс көптеген адамдардың өмірін қиған. Кеңес елі, қазақ жауынгерлерінің соғыста жан аямай ерлік көрсеткені туралы Отан әдебиетінде кеңінен жазылған. Сол әдебиеттер арасында ұлтымыздың біртуар көрнекті азаматы, жазушы Ғабит Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» атты шығармасы елі үшін қан төккен қазақ жауынгерінің ерлігін кеңінен баяндайды. Әлі күнге дейін «соғыс» деген суық сөзден арыла алмай келеміз. Осы төрт жыл ішінде қаншама жастардың болашағы бір – ақ сәтте жоқ болды. Ұлы Отан соғысына Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова секілді қазақтың батыр да, қайсар, өжет қыздары қатысқан. Отан үшін отқа түскен ата – бабаларымыздың есімдері мәңгі жүрегімізде қалады.
1941 жылы Фашистер таң сәріде Отанымызға басып кіріп, бейбіт жатқан халыққа зор қасірет алып келді. Оттан да ыстық Отан үшін жауынгерлер майдан даласына кіріп кетті. Біздің еркіндіктің туын көтерген азат елде өсуіміз, жүректері Отан деп соққан , жүрек жұтқан батырлардың арқасында.
Жеңіс күні – соғыстан оралмай қалған ерлеріміздің рухына бас иіп, арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың қайсарлықтары мен ерліктеріне тағзым ететін күн емес пе?! Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деп, құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өткен болатын. Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі – Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан – ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.
13.01.2020
Вернуться назад