DataLife Engine / Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы (10 сынып, III тоқсан)

Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымы
Сабақтың мақсаты: Оқушылар дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын бағалап,дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктейді.
Оқыту мақсаты: 10.4.1.7 дүниежүзі елдерінің шаруашылық құрылымын бағалау
10.4.1.8 дүниежүзі елдерін шаруашылық құрылымы бойынша жіктеу.
Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру
- Амандасу;
- Оқу құралдарын түгендеу;
І. Кіріспе
-Ой шақыру
(С) Дүниежүзілік шаруашылық деген не? Оның маңыздылығын қандай көрсеткіштермен көрсетуге болады?
Сабақтың тақырыбы анықталады. Сабақтың мақсаты анықталып, бағалау критерийлерімен танысады.
Мұғалім іс-әрекеті:
Мұғалім оқушыларға дүниежүзілік шаруашылық туралы туралы мәтінмен танысуды және сызбанұсқаны талдауды ұсынады
Оқушы іс-әрекеті:
Оқушылар мәтінмен танысады және дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымын көрсететін сызбанұсқаны талдайды
Ұсыныс:Мұғалім оқушылардың дүниежүзілік шаруашшылықтың құрылымн дұрыс анықтауларына және елдердің даму деңгейі бойынша шаруашылық секторларына топтастыруына баса назар салуы қажет.....
29.09.2019
Вернуться назад