DataLife Engine / Қайталау Нені үйрендім? (жазба жұмысы) (3 сынып, II тоқсан)

Қайталау Нені үйрендім? (жазба жұмысы) (3 сынып, II тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Сәулет өнері
Сабақ тақырыбы: Қайталау Нені үйрендім? (жазба жұмысы)
Оқу мақсаттары: 3.3.4.1 мұғалімнің көмегімен шығарманың құрылымын, стилін жетілдіру, өз бетінше орфографиялық, пунктуациялық қателерді табу.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар:суретке сүйене отырып, мәтін құрай алады.
Көптеген оқушылар: мәтінді толықтырып жаза алады.
Кейбір оқушылар: жіберілген орфографиялық, пунктуациялық қателерді түзете алады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы.
Оқушыларды әр елдің аттарымен өз таңдауы бойынша 5 топқа біріктіреміз.
Үлгі:
1-топ: «Түркия»
2-топ: «Корея»
3-топ: «Үндістан»
4-топ: «Франция»
Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру.
Оқушылармен бағалау критерийін құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(МК,Ж,ОТ) «Болжау» стратегиясы бойынша интербелсенді тақтада «Шетелдік қонақтар EXPO» бейнебаянын көреді, ой бөліседі, тақырыпқа болжам жасайды .
Саралау: қабілеті төмен оқушылар мен қабілеті жоғары оқушылар бірлесе жұмыс жасап, өз ойларын айтуға үйренеді.
(Б) «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалау
2- тапсырма
(Ө) «Кір жайғыш» әдісі арқылы өздері әкелген Астананың суреттерін таныстыра отырып, іледі.
Саралау: тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Қарасөзбен өз ойын жеткізуде кейбір топтарға мұғалім қолдау көрсетеді.
(Б) оқушылар бірін – бірі смайлик арқылы бағалайды
3- тапсырма
(ОТ,МК,Т) «Бірлесіп жазу» әдісі арқылы берілген суреттерді, өздері толықтырған суреттері мен құрылған жоспарға сүйене отырып «Менің Астанам» тақырыбында шетелдік қонақтарға Астананы таныстыру мәтінін құрап жазады.
Жоспар:
1. Астананың тарихы
2. Құлпырған Астанам
3. Бас қаламмен мақтанам
4- тапсырма
(ОТ,Ө, МК) «Түрлі түсті жиектер» әдісімен жазылған мәтінді грамматикалық, пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді.
Саралау: тапсырма бойынша мұғалім көмегімен саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Тапсырманы орындау кезінде бірін-бірі тыңдап, толықтырады. Қабілеті төмен оқушыларға қолдау көрсетіледі.
(ҚБ) дескриптор бойынша бағалау.
- мәтінді мазмұнына сәйкес сөйлемдерді толықтырады;
- мәтіннің стилін сақтайды;
- мәтіндегі грамматикалық қателерді тауып, түзетеді;
- мәтіндегі пунктуациялық қателерді тауып, түзетеді......
01.09.2019
Вернуться назад