DataLife Engine / Батады-батпайды

Батады-батпайды

Тақырыбы: «Батады-батпайды»
Мақсаты: Балаларды заттарды меңгеруге үйрету (сурет салуға, қарындаш немесе бояу, жіптердің көмегімен заттарды тартып салу, т.б.). Зерттеу тәжірибе жасау арқылы балалардың танымдық қасиетін қалыптастыру. Ойлау, көру, сезу қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы бақылауға үйрету. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: су, тас, қағаздан кеме, ойыншық машинка, балық, доп.
Көрнекілік: су, тастың, машина, қайық, құм, доп суреттері, шар.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілдер: Ұйымдастыру, амандасу кезеңдері, таңғажайып сәт, әдістерді түсіндіру, сергіту сәті, сұрақ-жауап әдісі, жеке жұмыс, мадақтау, бағалау, қорытындылау.
Сабақ барысы: Балалар шеңберге тұрады.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бізге қонақтар келіпті. Қонақтарға «Сәлем – тәрбиенің басы» демекші, сәлемдесейік.
Тәрбиеші: Қайырлы таң, балалар.
Балалар: Қайырлы таң, апайлар.
Тәрбиеші:
Жақсы, балалар, бәріміз қол ұстасып алақанымыздың жылуын бір-бірімізге беріп, шеңбер құрып тұрайық.
Балалар, біз қандай жақсы, сиқырлы сөздер білеміз? Отанымызға, елімізге, ата-анамызға, балабақшамызға арналған жақсы сөздерімізді айтайық.
Еліміз тыныш болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Ата-анамыз аман болсын!
Деніміз сау болсын!
Нанымыз көп болсын!
Суымыз мөлдір, таза болсын!
Балабақшамыз көркейе берсін!
Бәріміз тату дос болайық!
Тәрбиеші:
Өте жақсы, балалар, енді орындарыңызға жайғасып отырыңыздар. Бүгін бізде айналамен танысу сабағы болады.
Тақырыбымыз: «батады-батпайды»
Қазір біз, балалар, табиғат орталығына барып, суға бататын және батпайтын заттарды зерттеп көрейікші.
Балалар, бұл жерден нелерді көріп тұрсыңдар?
Балалар: су, тас, құм, қайық, балық, машина.
Қане, балалар, бір-бірден осы заттарды суға батырып көрейікші.
Сонымен, тас бата ма?
-Иә, батады.
Неге батады?
-Тас ауыр.
Қайық ше?
-Батпайды, жеңіл.
Машина ше?
-Батады, ауыр.
Балық ше?
-Батпайды, ол өйткені суда жүзе алады.
Балалар су туралы мақал - мәтелдер айтады.
Жұмбақ жасыру.
Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді (Су)
Сергіту сәті. «Ұзын құлақ сұр қоян»
Таңғажайып сәт. Топқа сиқырлы шар ұшып кіреді. Шарға хат жабыстырылған. Ол хатта сұрақтар берілген. Сұраққа дидактикалық ойын арқылы жауап аламыз.
Дидактикалық ойын. «Кім тапқыр?»
Мен сендерге заттардың атын айтамын, сендер ол зат батса, қолдарыңды төмен түсіресіңдер, батпаса қолдарыңды көкке көтеріңдер.
Заттардың аттары: Балық, қайық, машина, доп, құм, тас.
Қорытынды: Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Біз бүгін қандай ойын ойнадық? Бүгін сабақта біз нені зерттедік?.....
06.03.2019
Вернуться назад