DataLife Engine / Балық майы сіздің денсаулығыңыздың қорғанышы

Балық майы сіздің денсаулығыңыздың қорғанышы

Таңданарлық нәрсе, бірақ медицина саласындағы ілгерілеу мен көптеген жаңалықтардың ашылып жатқанына қарамастан нәлім бауырынан жасалатын сол баяғы өзіміздің балық майы денсаулығымызды жақсартудың және өмір жасымызды ұзартудың таптырмайтын дауасы болып қалып отыр.

Дегенмен де, жаңадан шығып жатқан қазіргі технологиялар қажетімізге жарады деп айтсақ та болады. Өйткені балық майын қақалып-шашалып тура қасықтан ішудің қажеті жоқ, жай дәмсіз капсулаларды сатып алсаңыз болғаны.

Сонымен балық майының пайдасы қандай?
• Балық майы, әсіресе, балалар үшін пайдалы А және D дәрумендеріне бай, сүйектің, тістің, шаштың саулығын және иммундық жүйені сақтайды.
• Мешел ауруының алдын алады.
• Жұқпалы аурулардан қорғайды.
• Терінің тозуына жол бермейтін мінсіз антиоксидант болып табылады.
• Құрамында қабынуға қарсы қасиеттері бар, мидың жұмысын жақсартатын, күйзелісті азайтатын және артриттің белгілері мен демікпенің ағынын жеңілдететін омега-3 майлы қышқылдары бар.
• Жабығуға қарсыласатын қасиеттері бар және жүрек-тамыр жүйесі үшін пайдалы.

Балық майы барлығына дерлік пайдалы – балық майының қарсы көрсетілімдері мен зияны жоқ десе болады. Дәрігерлер оны әсіресе ағзамыз қорғауды көбірек қажет ететін қыс мезгілінде қабылдаған дұрыс деп кеңес береді. Бұл дәрінің стандартты мөлшерлемесі: тамақпен бірге бір капсуладан күніне үш рет.
Дендеріңіз сау болсын!
29.01.2019
Вернуться назад